О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 4 апреля 2002 года N 2/218 "Об утверждении Положения о порядке предоставления по выбору субъектов малого предпринимательства в аренду или доверительное управление с правом последующей передачи в собственность неиспользуемых объектов коммунальной собственности города Алматы субъектам малого предпринимательства" (зарегистрировано в Управлении юстиции города Алматы за N 453 от 4 мая 2002 года) Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласы әкімшілігінің 2002 жылғы 04 сәуірдегі № 2/218 "Шағын кәсіпкерлік субъектісіне Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі пайдаланылмай тұрған нысандарды шағын кәсіпкерлік субъектісінің таңдауы бойынша жалға немесе кейіннен меншікке беру құқымен сенімді басқаруға беруге ұсыну тәртібі жөніндегі Қағиданы бекіту туралы" қаулысына (Алматы қаласы әділет басқармасында 2002 жылдың 04 мамырында № 453 болып тіркелген) өзгерту енгізу туралы
Алматы қалалық Әділет департаментінің 2004 жылғы 13 мамырдағы N№02-10/4685 қаланың жергілікті атқарушы органдарының кейбір құқықты нормативті актілерін Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Құқықты нормативті актілер туралы" Заңының 3 бап 2 тармағының талабына сай сәйкестендіруі туралы хатын қарай келіп, 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148-з Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының негізінде, Алматы қалалық Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 04 сәуірдегі N 2/218 "Шағын кәсіпкерлік субъектісіне Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі пайдаланылмай тұрған нысандарды шағын кәсіпкерлік субъектісінің таңдауы бойынша жалға немесе кейіннен меншікке беру құқымен сенімді басқаруға беруге ұсыну тәртібі жөніндегі Қағиданы бекіту туралы" Қаулысына (Алматы қалалық Әділет басқармасында 2002 жылы 04 мамырда N№453 тіркелген, "Алматы ақшамы" мен "Вечерний Алматы" газеттерінде 2002 жыл мамырда жарияланған) төмендегі өзгертулер енгізілсін:
қаулы мәтініндегі және қосымша берілген Қағида атауындағы "Қағида" сөзі "Ережелер" сөзіне ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.