О внесении изменений и дополнений в решение акима области от 4 февраля 2002 года № 1 «Об утверждении Положения об участковых комиссиях по оказанию государственной адресной социальной помощи» (Р/г № 560 от 1 марта 2002 года) Күшін жойған
Басқа 0
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссия туралы Ережені бекіту туралы» облыс әкімінің 2002 жылғы 4 ақпандағы шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» (Т/н № 560 2002 жылғы 1 наурыз)
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысының әкімінің 2006 жылғы 23 қаңтардағы № 1 шешімімен
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссия туралы қолданыстағы Ережені қолдануымен байланысты жөнсіздіктерге жол бермеу және атаулы әлеуметтік көмекті дұрыс тағайындауды және төлеуді бақылауды күшейту мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссия туралы Ережені бекіту туралы» облыс әкімінің 2002 жылғы 4 ақпандағы № 1 шешіміне (Т/у №560 2002 жылғы 1 наурыз, 2002 жылғы 12 наурыздағы «Северный Қазахстан» г.) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссия туралы Ережедегі «Жалпы ережелер» 1-бөлімдегі:
4-тармақтағы бірінші абзацтағы (ардагерлер кеңесінің, әйелдер кеңесінің ПИК және т.б.), сонымен бірге білім беру, денсаулықты сақтау, халықты әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлері» деген сөздер «меншік иелері үй-жайларының (пәтердің) кооперативтер, халықтың, ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Учаскелік комиссияның құқықтық мәртебесі, мақсаттары және міндеттері» 2-бөлімдегі:
10-тармақ «заңнамамен белгіленген тәртіпте» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақтағы «банкті қалыптастырады» деген сөздер «банкін қалыптастыруға қатысуды қамтамасыз етеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Учаскелік комиссия жұмысын ұйымдастыру және қызметін қамтамасыз ету" 3-бөлімдегі:
21-тармақ мына редакцияда мазмұндалсын:
«Уәкілетті орган құжаттарды арызданушыдан немесе кент, ауыл (село) әкімінен қабылдаған күннен бастап он күн ішінде оны қарастырады және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады, бас тартқан жағдайда - оның себебін көрсете отырып, ол туралы арызданушыны жазбаша түрде хабарландырады;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссия туралы Ережедегі, 1-қосымшадағы "келісілген" селолық округ әкімі" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссия туралы Ережеге осы өзгертулер мен толықтырулар келісу үшін облыстық мәслихатқа ұсынылсын.
Келісілген:
Облыстық мәслихаттың
хатшысы