О реализации в области Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2002 года № 361-ІІ «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-ІІ Заңын жүзеге асыру туралы
Халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттылығын бұдан әрі тұрақтыландыру мақсаттарында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері:
Тармақша 1
1) 2005 жылдың 1 шілдесіне дейін қарамағындағы су құбырлары жүйелері мен қондырғыларын заңды түрде рәсімдеуді және олардың күтіп ұсталуы мен пайдаланылуына жауапты тұлғаларды бекітуді аяқтасын;
Тармақша 2
2) эпидемиологиялық маңызды нысандарды (қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, мал қорымдарын, қи қоймаларын) 2005 жылдың 1 тамызына дейін санитарлық талаптарға сәйкес келтірсін;
Тармақша 3
3) 2005 жылдың 1 сәуіріне дейін жергілікті орындарда қаңғырған иттерді жоюға жауапты қызметтерді белгілесін.
Тармақ 2
2. Ақмола облысының білім департаменті 2005 жылдың 20 наурызына дейін облыс мектептерінің оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін.
Тармақ 3
3. Білім департаменті денсаулық сақтау департаментімен және жоғары, орта оқу орындарының басшыларымен бірлесе отырып оқушы жастарға медико-санитарлық қызмет көрсету мәселесін шешсін.
Тармақ 4
4. Ақмола облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті:
Тармақша 1
1) 2005 жылдың 20 наурызына дейін сумен қамтамасыз ету, сауда, қоғамдық тамақтандыру нысандарының, тамақ өнеркәсібі және әлеуметтік тұрмыстық сала кәсіпорындарының санитарлық-гигиеналық жағдайларын жақсарту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
Тармақша 2
2) 2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтауды реформалау бағдарламасына сәйкес халықтың санитарлық-гигиеналық сауаттылығын жетілдіру, профилактикалық сипаттағы жұмыстың көлемін ұлғайту, мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттарында санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалар және қалыптасқан жағдайды болжаулар жүргізу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) 2005 жылдың 20 наурызына дейін елді-мекендердің аумақтарын санитарлық тазалау және абаттандыру жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлесін.
Тармақ 5
5. Ақмола облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті Ақмола облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен (келісімі бойынша) бірлесе отырып облыс аумағындағы құрамында сынап бар құралдар мен бұйымдарды сақтау, есебін жүргізу, залалсыздандыру және қайта өңдеуге жіберу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды аяқтасын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қадағалайтын мәселелері бойынша облыс әкімінің орынбасарларына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Ақмола облыстық аумақтық
қоршаған ортаны қорғау
басқармасының бастығы
С.Жақышев