О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 сентября 2002 года № 970 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 29, 323-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы ережеде: 1-тармақ "салааралық" деген сөзден кейiн және өңiраралық" деген сөздермен толықтырылсын; 9-тармақ мынадай мазмұндағы 6-5) тармақшамен толықтырылсын: "6-5) бағдарламалар бойынша уәкiлеттi органның функцияларын жүзеге асыру;"; 10-тармақ: мынадай мазмұндағы 7-2), 7-3), 7-4), 7-5) тармақшалармен толықтырылсын: "7-2) мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiне әдiснамалық басшылық жасау; 7-3) Қазақстан Республикасында қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесiн қалыптастыру және одан әрi жүргізу; 7-4) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың орындалуын жалпы бақылауды жүзеге асыру; 7-5) мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асырудың тиiмдiлiгiн (нәтижелiлiгiн) бағалауды жүргізу;"; 10-тармақтың 21) тармақшасындағы "қарыз алу лимиттерiн, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын; 11-тармақта: мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды одан әpi iске асырудың орындылығы туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзуге;"; 4) тармақшадағы "орталық және жергілікті атқарушы органдардан" деген сөздер "мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.