О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 4 июля 2003 года N 200 "Об утверждении Правил обязательного коллективного гарантирования (страхования) вкладов (депозитов) физических лиц в банках второго уровня Республики Казахстан", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 2426 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2426 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 200 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 200 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2426 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 11-24 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесінің: кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" деген сөздер "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың 2) тармақшасындағы "50 (елу) мың АҚШ долларына" деген сөздер "7 (жеті) миллион теңгеге" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: "Қатысушы банк Депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығарылған жағдайда, шығарылған банк жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргiзуге лицензиясы қайтарылып алынған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде салымшыларға (депозиторларға) қолма-қол ақша төлеу арқылы не салымшының (депозитордың) келісімімен салымшының Депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктерде ашылған басқа банк шоттарына салымды (депозитті) аудару арқылы салым сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны қайтарады".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның аумақтық филиалдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне жіберсін.
Тармақ 4
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Бахмутоваға жүктелсін. Келісілді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төраға ___________________________ ___________________________ (қолы, күні, елтаңбалы мөр)