О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 4 июля 2003 года N 201 "Об утверждении Правил функционирования системы обязательного коллективного гарантирования (страхования) вкладов (депозитов) физических лиц и участия в ней банков второго уровня Республики Казахстан", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 2427 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2427 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 201 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 201 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2427 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 11-24 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесінің:
кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" деген сөздерден кейін ", "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қор активтерінің 80 (сексен) процентінен кем емес мөлшері - Қордың Директорлар кеңесі бекіткен тізбеге сәйкес бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына;";
2) тармақшада "Ұлттық Банктегі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі (бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта:
1) тармақшада "Ұлттық Банкпен" деген сөздер "қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада "Ұлттық Банкке" деген сөздер "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшада "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақта:
5) тармақшада "." деген белгі ";" деген белгімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) Қор ақшасы орналастырылатын бағалы қағаздардың және қаржы құралдарының тізбесін бекіту.";
15, 16, 30-тармақтардағы "Ұлттық Банктің" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
31-тармақта "Ұлттық Банкке" деген сөздер "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
42-тармақта:
"және төтенше" деген сөздер алынып тасталсын;
"осындай жарналарды төлейтін күні" деген сөздер "міндетті күнтізбелік жарналарды төлеудің соңғы есеп беретін күні" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Қатысушы-банктердің шетел валютасында кепілдік берілетін салымдар (депозиттер) сомасы бойынша төтенше жарналарды төлеуі көрсетілген сомаларды Қордың Директорлар кеңесі айқындайтын күнге белгіленген шетел валюталарының теңгеге рыноктық бағамы бойынша теңгеге қайта есептей отырып жүзеге асырылады.";
43-тармақта "Ұлттық Банктің" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-қосымшада:
"Жеке тұлғалардың салымдары (депозиттері) туралы мәліметтер" кестесінің "Қордың депозиттер бойынша өтеу сомасы" деген 7-бағаны алынып тасталсын;
деген кестемен толықтырылсын:
____________________________________________________________________
Қордың депозиттер бойынша өтеу |
сомасы (мың теңге) |
_______________________________|____________________________________
Клиенттер саны |
____________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның аумақтық филиалдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне жіберсін.
Тармақ 4
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е. Бахмутоваға жүктелсін.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Төрағасы
2004 ж. шілде
____________________________
(қолы, күні, елтаңбалы мөр)