О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 4 июля 2003 года N 217 "Об утверждении Правил государственной регистрации выпуска объявленных акций, утверждения отчета об итогах размещения акций и аннулирования выпуска акций" и постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16 февраля 2004 года N 32 "Об утверждении Правил ведения системы реестров держателей ценных бумаг" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 217 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысына толықтырулар
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. <*>
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2750 тіркелген, 2004 жылы Финансовый вестник N 2-3 журналында жарияланған, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3103 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 114 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3577 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесінде:
22-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1. жарғылық капиталдың мөлшерін ұлғайтпастан орналастырылған акциялардың санын ұлғайтумен байланысты (акцияларды ұсақтау) тіркелген тұлғаның жеке шотына акциялардың санын ұлғайту туралы жазба жазу;";
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
"24-1. Акциялар ұсақталған жағдайда тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша жарияланған акцияларды бөлу бұйрығында мынадай мәліметтер бар:
1) бұйрықтың нөмірі мен күні;
2) бағалы қағаздар эмитентінің атауы;
3) тіркелген тұлға туралы мәліметтер;
4) тіркелген тұлға жеке шотының нөмірі;
5) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі;
6) акцияларды ұсақтау үйлесімдігі;
7) операцияларды жүргізуге арналған бағалы қағаздардың саны;
8) акцияларды ұсақтауға берілген нұсқау;
9) бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер.
Акциялар ұсақталған жағдайда тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған акцияларды бөлу бұйрығына эмитенттің уәкілетті тұлғасы қол қояды және ол мөрмен куәландырылады.";
29-тармақта "тіркеуші" деген сөзден кейін ", осы Ереженің 29-1-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
"29-1. Тіркеуші акцияларды ұсақтау операциясын эмитент ұсынған жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі және жарияланған акциялардың саны орналастырылған акциялар санын ұлғайту есебінен ұлғайтылғанына нұсқауы бар уәкілетті орган эмитентке берген ілеспе хаты, сондай-ақ жарияланған бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарын есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан акцияларды аудару арқылы акциялар ұсақталған жағдайда тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша жарияланған акцияларды бөлуге шығарған эмитенттің бұйрығы негізінде жүргізеді.".
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.
Тармақ 5
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.