О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Актюбинской области от 4 июля 2003 года № 164 (Зарегистрировано в департаменте юстиции Актюбинской области 4 августа 2003 года № 2310) Қолданыста
Басқа 0
Ақтөбе облысы әкімиятының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 164 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Ақтөбе облыстық әділет департаментінде 2003 жылғы 4 тамызда № 2310 тіркелді)
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Ақтөбе облысының коммуналдық меншік объектілерін басқарудың (билік етудің) мәселелері туралы" Ақтөбе облысының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 164 қаулысымен бекітілген комиссия туралы Ережеге мынадай өзгерістер енгізілсін:
Комиссия туралы Ереженің атауы жаңа редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін, мемлекеттің қарамағындағы акцияларды және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы мемлекеттік үлесін жекешелендіруге жататын объектілерінің тізбесіне енгізу туралы ұсыныстарды қарау үшін жекешелендірілетін объектілерді сатуды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік меншіктің пайдаланылмай тұрған объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кейін меншігіне өтеусіз беру құқымен мүліктік жалға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі өтініштерді қарау жөніндегі облыстық комиссия туралы".
1, 4 тармақтар "өткізу" сөзінен кейін мынадай сөздермен толықтырылсын: "сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік меншіктің пайдаланылмай тұрған объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кейін меншігіне өтеусіз беру құқымен мүліктік жалға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі өтініштерді қарау".
5 тармақ мынадай мағынадағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
3) "коммуналдық мемлекеттік меншіктің пайдаланылмай тұрған объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кейін меншігіне өтеусіз беру құқымен мүліктік жаңа (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі өтініштерді қарайды".
Тармақ 2
2. Комиссия құрамы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімиятының
2004 жылғы "19" сәуірдегі
№ 94 қаулысына қосымша
Мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін, мемлекеттің карамағындағы акцияларды және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы мемлекеттік үлесін жекешелендіруге жататын объектілерінің тізбесіне енгізу туралы ұсыныстарды қарау үшін жекешелендірілетін объектілерді сатуды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік меншіктің пайдаланылмай тұрған объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кейін меншігіне отеусіз беру кұқымен мүліктік жалға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру өтінштерді қарау жөніндегі облыстық комиссия ҚҰРАМЫ
1. Атраубаев Талгат Сансызбайұлы
"Облыстық коммуналдық меншік
басқармасы" ММ бастығы, комиссия төрағасы
2. Аманбаев Жолдымұрат Ермұханұлы
"Облыстық қаржы басқармасы" ММ бастығы
3. Егімбаев Болат Сәукенұлы
"Облыстық сәулет және қала
құрылысы басқармасы" ММ бастығы
4. Қалиев Еркеш Әдиетұлы
"Облыстық мәдениет басқармасы"
ММ бастығы
5. Қаратаев Аманжол Қамзаұлы
"Актөбе облысының экономика және индикативті жоспарлау департаменті" ММ бастығы
6. Юсупова Рашида Әбілсағитқызы
"Облыстық кәсіпкерлікті қолдау
басқармасы" ММ бастығы
7. Мұхлисов Нұрлан Көшкінбайұлы
"Облыстық білім басқармасы" ММ бастығы
8. Скендіров Мұратбек Нұрмағанбетұлы
"Облыстық туризм және
спорт басқармасы" ММ бастығы
9. Шомбалов Нұржан Махмұтұлы
"Облыстық денсаулық сақтау
басқармасы" ММ бастығы
10. Әбілгазин Ғабит Жақсылықұлы
"Ақтөбе облысының әділет департаменті" ММ бас маманы