О внесении изменений и дополнений в решение Костанайского областного маслихата от 4 июля 2003 года № 300 «Об утверждении региональной программы развития и поддержки малого предпринимательства по Костанайской области на 2003-2005 годы», номер государственной регистрации 2392 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қостанай облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын бекіту туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 300 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2392 Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ : «Қостанай облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын бекіту туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 300 шешіміне, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2392, мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) «Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері» 5-бөлімі «Шағын кәсіпкерлікті қолдаудағы қаржы - несиені дамыту» кіші бөліміндегі «Нарық салаларына және сараланымына шолу жасау» тақырыбы мына редакцияда жазылсын: «Нарықты саралауды зерттеу жөніндегі қызметтерді сатуды ұйымдастыру және өткізу»; жаңа редакцияда берілген тақырыптың екінші абзацы төмендегідей жазылсын: «Жергілікті бюджет қаражаты және нарықты саралауды зерттеу жөніндегі қызметтерді сатудың есебінен салаларды базалық шолуды әзірлеу көзделуде. Бұл іс-шаралар кәсіпкерлерге нарықтың қай бір сарасына қаржыны жұмсау тиімді, сондай-ақ несие мәселелері жөнінде, орын алған тәуекелділікті талдау, несиелеу және дамыту бағдарламаларын жасаудың қажеттігі және т.б. сол сияқты сенімді ақпараттар беруге қажет»; «ШБС техникалық жағдай жасау» тақырыбы алынып тасталсын; аталған тақырыптың бірінші абзацы алынып тасталсын; «Инфрақұрылымды дамыту және шағын кәсіпкерлікті насихаттау» кіші бөлімі келесі мазмұнды тақырыптар мен абзацтармен толықтырылсын: «Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу» «Кәсіпкерлікті насихаттау және ынталандыру мақсатында мынадай конкурстар өткізу болжанады: «Қостанай облысының ең үздік кәсіпкерлері», «Қостанай облысының ең жақсы тауарлары», «Қостанай облысының ең үздік рыногы». ««ШКС қозғалмайтын мүлік объектілерін сатып алу, қайта жабдықтау және оларды беру шараларын ұйымдастыру және өткізу». ««Қазіргі уақытта шағын кәсіпкерлікті дамытуға, олардың құжаттарын әзірлеуге, ұлықсат беруге және келісуге мемлекеттік шенеуліктер кері әсерін тигізуде. Бұл жаңа өндіріс орындарын ашуға немесе қызмет көрсетуге кедергі жасайды. Осы проблеманы шешу үшін азаматтарға қолайлы жағдайлар жасау қажет, әсіресе, қолынан іс келетін, өз бизнесін ашатын жас кәсіпкерлерге. Осы іс-шаралар деңгейінде «Росток» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының көмегімен қозғалмайтын мүлік объектілерін әртүрлі бизнес бағытына қайта жабдықтап беру көзделеді. Осыған орай мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жарғылық капиталын облыстық бюджет есебінен толтыру қажет»; «Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету» кіші бөлімін келесі мазмұнды тақырыптар мен абзацтармен толықтырылсын: «Электрондық тұсау кесу материалдарын дайындау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» «Бұл іс-шара өзіне электрондық тұсау кесу материалдарын (қаланың электрондық қартасы, CD-визиткасы және басқалар) дайындауды және «Аймақтың профилі» электрондық анықтамалық ақпарат көкейтестілігін қосады». Осы іс-шара жаңа әзірлемеге сәйкес әдістер және тәсілдерімен экономиканың әр саласына инвестиция тарту мақсатын көздейді». «Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөнінде тұсау кесу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу» «Бұл іс-шара ғимараттар мен жабдықтарды жалға беру, дипломдар дайындау, фуршеттер өткізу, жүлделер мен сыйлықтар сатып алуды көздейді». «Импорттық өнімдердің сапасын анықтау жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу» «Отандық өнімдерді шығарушы шағын кәсіпкерлік субъектілерді қолдау мақсатында импорттық сапасыз өнімдерді анықтау жөнінде іс-шараларды өткізу қажет, оларды халыққа ақпарат құралдары арқылы жария ету. Бұл шара жаман сапалы импорттық өнімдер туралы ақпарат жинауға (тұрғындардың арызы, БАҚ басымдары және т.б.) арналған, мұндай өнімдерді сатып алып, аккредиттік лабораторияларда экспертизадан өткізіп БАҚ-да оның нәтижесі туралы жариялау». 2) «Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері» 6-бөліміндегі екінші абзацтағы «8,55» және «10» цифрлары тиісінше «57,028» және «78,8» цифрларымен ауыстырылсын; Осы бөлімнің кестесі келесі редакцияда жазылсын: Бағдарламалық шаралардың тарауы Облыстық бюджеттің қаржысы (млн. теңге) 2003ж 2004ж. 2005ж Барлығы Бұқаралық ақпарат құралдарға ШКС-не жарнамалық орын бөлу 0,8 0 0 0,8 Автокөліктерде жүктерді сақтау және олармен бірге жүру қызметін ұйымдастыруды сатып алу және өткізу 4 0 0 4 Нарықты саралауды зерттеу жөніндегі қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу 0 0,7 0,7 1,4 ШКС үшін бизнес-жоспарларды әзірлеу 0,5 0,75 1 2,25 Жергілікті БАҚ-да шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін ақпараттық хабарларды жариялау 0,5 0,92 0,92 2,34 Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу 0 0,9 1,5 2,4 ШКС қозғалмайтын мүлік объектілерін сатып алу, қайта жабдықтау және беру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу («Росток» МКК жарғылық капиталын өсіру) 0 50 70 120 Кәсіпкерлерге көмек ретінде әдістемелік оқулық шығару 1,2 1,7 1,7 4,6 Тұсау кесу электрондық материалдарды дайындау және «Аймақтың профилі» анықтамалығының көкейтестілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу 0 0,8 1,09 1,89 Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тұсау кесу шараларын ұйымдастыру және өткізу 0 1,138 1,77 2,908 Импорттық өнімдердің сапасын анықтау жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу 0 0,12 0,12 0,24 Барлығы: 7 57,028 78,8 142,828 3) «Бағдарламаны іске асыруға арналған іс-шаралар жоспары» 8-бөлімдегі 6 тармақ келесі редакцияда жазылсын: 1 2 3 4 5 6 7 2003 2004 2005 6 Нарықты саралауды зерттеу қызметтерін сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Деректер базасы ЭжСД Тұрақты 0 0,7 0,7 Жергілікті бюджет 7-тармақ алынып тасталсын; 10-тармақтың «Күтілетін шығыстар» 6-бағанындағы «1» және «1,5» цифрлары «0» және «0» цифрларымен ауыстырылсын; 12-тармақтың 2004-2005 жылдардағы «Күтілетін шығыстар» 6-бағанындағы «4» және «4» цифрлары «0» және «0» цифрларымен ауыстырылсын; 15-тармақ келесі редакцияда жазылсын: 1 2 3 4 5 6 7 2003 2004 2005 15 Жергілікті БАҚ-да шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін ақпараттық хабарларды жариялау (баспа, теле/радио) Ақпарат- тық хабарлар ЭжСД Тұрақты 0,5 0,92 0,92 Жергілікті бюджет «Шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамыту және шағын кәсіпкерлікті насихаттау» кіші бөлімінің 16-1, 16-2 тармақтары келесі мазмұнмен толықтырылсын: 1 2 3 4 5 6 7 2003 2004 2005 16-1 Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу (оның ішінде ғимараттар мен жабдықтарды жалға алу, дипломдар дайындау, фуршеттер өткізу, жүлделер және сыйлықтар алу):»«Қостанай облысының ең үздік кәсіпкерлері», «Қостанай облысының ең жақсы тауарлары», «Қостанай облысының ең үздік рыногы» Конкурс- тың комиссиясының хаттама-сы ЭжСД Тұрақты 0 0,9 1,5 Жергілікті бюджет 16-2 ШКС қозғалмайтын мүлік объектілерін сатып алу, қайта жабдықтау және беру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу («Росток» МКК жарғылық капиталын өсіру) Әкімият-қа ақпарат ЭжСД Жыл сайын 0 50 70 Жергілікті бюджет 17-тармақтың «Болжамды шығыс» 6-бағанындағы «2» және «2,5» цифрлары «1,7» және «1,7» цифрларымен ауыстырылсын; «Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету» кіші бөлімі 21, 22, 23 жолдармен келесі мазмұнда толықтырылсын: 1 2 3 4 5 6 7 2003 2004 2005 21 Инвестиция тарту үшін тұсау кесу электрондық материалдарды дайындау және «Аймақтың профилі» анықтамалығы- ның көкейтестілі- гін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, («Аймақтың профилі» электрондық анықтамалығы- ның көкей- тістілігін арттыру, қаланың электрондық картасын, электрондық тұсау кесу материалдарын шығару) Электрондық тұсау кесер материалдары ЭжСД Тұрақты 0 0,8 1,09 Жергілікті бюджет 22 Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөнінде тұсау кесу шараларын ұйымдастыру және өткізу, оның ішінде ғимараттар мен жабдықтарды жалға беру, дипломдар дайындау, фуршеттер өткізу, жүлделер мен сыйлықтар алу Тұсау кесер- лер, көрме- лер, жәрмең- келер ЭжСД Тұрақты 0 1,138 1,77 Жергі- лікті бюджет 23 Импорттық өнімдердің сапасын анықтау жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Ақпарат ЭжСД Тұрақты 0 0,12 0,12 Жергілікті бюджет «Жиынтығы» тармағының «Болжамды шығыстар» 6-бағанындағы»«8,55» және «10» цифрлары «57,028» және «78,8» цифрларымен тиісінше ауыстырылсын .