О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2004 года N 269 "О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1894 и от 24 января 2002 года N 100" Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы N 269 қаулысын жүзеге асыру туралы
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29-желтоқсандағы N 1894 және 2002 жылғы 24-қаңтардағы N 100 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4-наурыздағы N 269 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17-сәуірдегі N 2200 Заңының 5-бабы 3-тармағына сәйкес, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29-желтоқсандағы N 1894 қаулысына 1-қосымшаның 27-тармағы негізінде ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Лицензиялау жөніндегі өкілеттілік, лицензияларға қол қою құқығынан басқа, қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес мемлекеттік органдарға берілсін.
Тармақ 2
2. Лицензияларға қол қою құқығы осы шешімнің 1-тармағында аталған мемлекеттік органдарға жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарларына берілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің Банкноттық фабрикасына қорғалу дәрежесі, облыстың кодын қоса есептеу сериясы және нөмірі бар, кітапшаға жинақталған, тігілген және белгіленген үлгі бойынша берілген лицензиялардың (патенттердің) есебін және бақылауды жүргізу үшін бақылау талондары бар лицензиялардың (патенттердің) бланкаларын жасауға тапсырысты орналастырсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ю.П.Швайченкоға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. Лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне Шығыс Қазақстан облысының аумағына лицензия беруге уәкілетті
мемлекеттік органдардың
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
2004 жылғы 14 сәуірдегі N 81 шешіміне
N 1 қосымша
Лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне Шығыс Қазақстан облысының аумағына лицензия беруге уәкілетті
мемлекеттік органдардың
ТІЗБЕСІ
N
Уәкілетті орган
Лицензияланатын қызмет түрлері
1
"Шығыс Қазақстан облысының индустрия, сауда және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы" мемлекеттік мекемесі
заңды тұлғалардың түсті және қара металдар сынықтарын және қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және сатуы;
тотализаторларды, казиноларды ұйымдастыру және өткізу;
облыс, Астана және Алматы қалаларының аумағында лотореялар (мемлекеттік (ұлттық) лотореялардан басқа) ұйымдастыру және өткізу;
алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) сақтау және көтерме сату
2
"Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және көлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі
жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу (жылу қуаты 100 Гкал/сағат қоса дейінгі жиынтық қондырғымен жылу энергиясы көздерінен);
қазандықтарды пайдалану (жылу қуатының жиынтығы 100 Гкал/сағ. дейін) және қысыммен жұмыс істейтін құбыр желісі;
қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану (өнеркәсіпті суытқыш қондырғылардың, тұрмыстық газ баллондарының құрамында)
3
"Шығыс Қазақстан облысының мемсанэпидемиология- лық қадағалау облыстық басқармасы" мемлекеттік мекемесі
дезинфекция, дезинсекция және
дератизация құралдары мен препараттарын пайдаланумен байланысты жұмыстардың және қызметтердің түрлері
4
"Шығыс Қазақстан облысының еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі
шетелдік жұмыс күшін тартумен байланысты іс-әрекет
5
"Шығыс Қазақстан облысының білім департаменті" мемлекеттік мекемесі
жалпы бастауыш, жалпы негізгі
немесе жалпы орта білім беретін заңды тұлғалардың білім беру іс-әрекеті;
бастауыш кәсіптік білім беру, оның ішінде мамандықтар бойынша;
орта кәсіптік білім беру, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдар (республикалық маңыздағы ұйымдардың орындайтын жұмыстары мен қызметтерінен басқа)
Облыс әкімі
аппаратының басшысы