Об утверждении Протокола о внесении изменений и дополнения в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о регулировании деятельности Международного центра приграничного сотрудничества "Хоргос" от 4 июля 2005 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылғы 4 шілдедегі»"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы»"Қорғас"»шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. 2006 жылғы 20 желтоқсанда Пекин қаласында жасалған 2005 жылғы 4 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы» Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттама бекітілсін.
Тармақ 2. 2005 жылғы 4 шілдедегі»Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы»Қорғас»шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттама
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 2005 жылғы 4 шілдедегі»Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы»Қорғас»шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттама Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі (бұдан әрі Тараптар деп аталатын) 2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы»"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімнің (бұдан әрі Келісім деп аталатын) 45-бабы негізінде төмендегілерден тұратын өзгерістер мен толықтыру енгізуге келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақ 1
1. 5-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Орталықтың жалпы алаңы 5,28 ш. км. құрайды, оның қазақстандық бөлігінің алаңы - 1,85 ш. км, қытай бөлігінің алаңы - 3,43 ш. км.
Тармақ 2
2. 9-бап мынадай абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының Шекара қызметтері Орталықтың қазақстандық және қытай бөліктерінің аумағындағы Тараптардың басқарушы органдарының жұмыс кездесулеріне және үйлестіруге қатысушылардың, сарапшыларының және көлік құралдарының оңай өтуін қамтамасыз етеді.".
Тармақ 3
3. Оның бұрынғы N 1-қосымшасын ауыстыра отырып, осы Хаттаманың қосымшасы (Орталық аумағының географиялық координаттары, орналасу схемасы және шекара аумағы) Келісімнің N 1 қосымшасы болып табылады.
Бап 2. 2-бап
2-бап Осы Хаттама Тараптардың күшіне енуіне қажетті мемлекет ішіндегі рәсімдердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
Бап 3. 3-бап
3-бап Осы Хаттама Келісімнің қолдану мерзімінде күшінде болады. Пекин қаласында 2006 жылғы»20 желтоқсанда әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдеріндегі екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Қазақстан Республикасының       Қытай Халық Республикасының           Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін ҚР ШЫХО (185 га) орналасу схемасы, шекарасы және ҚХР ШЫХО (343 га)