О внесении дополнений в постановление акимата от 4 марта 2005 года № 123 «Об утверждении Инструкции о порядке организации и финансирования социальных рабочих мест» Күшін жойған
Басқа 0
«Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мен ұйымдастыру тәртіптері туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 4 наурыздағы № 123 әкімдік қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
«Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мен ұйымдастыру тәртіптері туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3398, 2005 жылғы 6 сәуірде «Авангард» газетінде жарияланған) 2005 жылғы 4 наурыздағы № 123 әкімдік қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мен ұйымдастыру тәртіптері туралы Нұсқаулық қосымшасына мынандай толықтырулар енгізілсін:
2 тармақ 3) тармақшасындағы «жоғары және кәсіби орта білім (деген сөз «сондай-ақ, кәсіби дайындықтан, мамандықты көтеру мен қайта даярлықтан өткен жұмыссыз азаматтар» деген сөздермен толықтырылсын;
4 тармақ мынандай мазмұндағы екінші азат жолмен толықтырылсын: «2005 жылдың 1 мамырынан бастап кәсіби дайындық, біліктілікті көтеру мен қайта дайындықтан өткен жұмыссыз азаматтар «Жастар практикасынан» өтуге жіберіледі.