О внесении дополнений в решение Щучинского районного маслихата от 4 марта 2005 года № С-14/3 «О правилах, за нарушение которых предусмотрена административная ответственность» (номер государственной регистрации 3112 от 31 марта 2005 года) Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Щучье аудандык мәслихатының 2005 жылғы 4 наурыздағы № С-14/3 «Әкімшілік жауаптылық қарастырылған құкық бұзушылық ережелерін бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу номері 3112, 2005 жылғы 31 наурыз) шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабына сәйкес ІЦучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Щучье аудандық мәслихатының 2005 жылғы 4 наурыздағы № С-14/3 «Әкімшілік жауаптылық қарастырылған құқық бұзушылық ережелерін бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу номері 3112, 2005 жылғы 31 наурыз, 2005 жылғы 27 маусымдағы № 51 «Луч» газетінде, 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 16 «Бурабай» газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 2 қосымшаға: 1 тарау, «Жалпы ережелер», келесі тармақпен толықтырылсын. 6-1. Сайыс және оларға теңестірілген жоғары агресшіл иттердің иелеріне. 1) Психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерінде тіркеуде тұрған және сәйкесті тіркеу құқығын беретін арнайы оқыту курстарын өтпеген адамдардың осы иттерді иеленуге жол берілмесін. 2) Бұрын адамдарға немесе жануарларға зиян келтіргені анықталған құқық бұзушылар және кәмелетке толмағандарға осы тұқымдас иттерді ұстауға тыйым салынсын. Заңсыз ұсталған жануарларды тәркілеу қарастырылсын. 2 тарау, «Иттер мен мысықтардың иелерінің міндеттері», келесі тармақшаларымен толықтырылсын: 8) Сайыс және оларға теңестірілген жоғары агресшіл иттерді тұрғылықты мекен-жайы бойынша ішкі істер бөлімінде міндетті түрде тіркеу (Қорғаныс Министрлігі, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті және басқа арнайы құқық қорғау органдарының кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдарының иттерінен басқа). 9) Аталған иттерді, айналасындағы адамдар және жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы берілген алаңдарда, бос қалған жерлерде немесе орман массивінде қыдырту. 10) Жалпы пайдаланудағы орындарда иттерді қысқа бау мен тұмылдырығының болуы, қарғыбауындағы жетонында иттің аты және иесінің мекен-жайы мен телефоны болуы қамтамасыз етілсін. 8 тармақ, «Жануарлар иелеріне салынатын тыйымдар» келесі тармақшаларымен толықтырылсын: 7) Жануардың мертігуін болдырмайтын және күзетші иттердің жұмыс сапасын тексеріп дұрыс тұқым таңдап өсіруін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін арнайы ережелер бойынша және арнайы орындарда өткізілетін сайыстардан басқа, рұқсат берілмеген сайыстар өткізу. 8) Аталған иттерді тұрғын үйлер жанында, балалар алаңдарында, балалардың мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, спорт алаңдарында және басқа қоғамдық орындарында қыдырту.
Тармақ 2
2. Щучье аудандық мәслихатының аталған шешімінің 2 қосымшасы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда беріліп және бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысының Щучье аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Щучье аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 9 қазандағы № С-33/4 шешіміне қосымша Щучье аудандық мәслихатының 2006 жылғы 9 қазандағы № С-33/4 (мемлекеттік тіркеу номері 3112, 2005 жылғы 31 наурыз) шешіміне 2 қосымша Щучье қаласы мен аудан елді мекендерінде әкімшілік жауаптылық қарастырылған ит пен мысық ұстау ережелері. Осы ережелер Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына және «Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жасалып, Щучье ауданында ит пен мысық ұстау тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже қала аумақтарында иттері мен мысықтары бар барлық заңды және жеке тұлғалардың бәріне қатысты, бұдан әрі мәтін бойынша «Иеленуші» деп аталады.
Тармақ 2
2. Иттер, мысықтардың иелері жалпы пайдаланудағы орындарды осы жануарлардың ластауына жол бермеуді (олардың артынан міндетті түрде жинау), санитарлык-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық нормалар мен оларды ұстау ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ адамдардың кауіпсіздігін міндетті түрде, үйде сағат 23-00-ден 7-00-ге дейін тыныштықты қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 3
3. Екінші тармақта көрсетілген талаптарды сақтаған жағдайда:
Тармақша 1
1) Жеке үйлерде иттер - тек қана жақсы қоршалған аумақтарда, иттің бар екендігі туралы кіре берісте ескертетін жазу болу керек;
Тармақша 2
2) Санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызмет рұқсатымен балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде, жазғы және қысқы сауықтыру санаторлық-курортық мекемелерде (санаториялар, демалу орындары, пансионаттар) «зообұрыштарда», «тірі бұрыштарда» иттер, мысықтар мен басқа жануарларды ұстауға;
Тармақша 3
3) Мекемелер мен ұйымдардағы күзет иттерді тек қана байлауда немесе вольерлерде;
Тармақша 4
4) Тыйым салынатын жазулар жоқ болса, мекемелерде, азық-түлік емес дүкендерде поштада тұмылдырықпен және қысқа баулы итпен иесі болса рұқсат етіледі.
Тармақ 4
4. Қалалық көліктерде иттер мен мысықтарды тасымалдау жолаушыларды мазаламау шартымен жүзеге асырылуы керек. Жануарлар не тұмылдырықта, не арнайы бөліктерде, қолдорбаларда болу керек.
Тармақ 5
5. Қоғамдык орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, бақтарда, саябақтарда және басқа жерлерде) адамдар ертіп жүрмеген, иелері байлауда қалдырғаннан басқа иттер, қаңғып жүрген деп есептеліп, иесіз жануарларды ұстап және өлексесін жинау жөніндегі арнайы мекемеге міндетті түрде тапсыру жүктеледі.
Тармақ 6
6. Пәтер иелері кооперативтері анықтаған арнайы алаңдарда, бос жерлерде, басқа да адамдар жүрмейтін жерлерде иттерді қыдыртуға рұқсат етіледі.
Тармақ 6-1
6-1. Сайыс және оларға теңестірілген жоғары агресшіл иттердің иелеріне.
Тармақша 1
1) Психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерінде тіркеуде тұрған және сәйкесті тіркеу құқығын беретін арнайы оқыту курстарын өтпеген адамдардың осы иттерді иеленуге жол берілмесін.
Тармақша 2
2) Бұрын адамдарға немесе жануарларға зиян келтіргені анықталған құқық бүзушылар және кәмелетке толмағандарға осы тұқымдас иттерді ұстауға тыйым салынсын. Заңсыз ұсталған жануарларды тәркілеу қарастырылсын.
Тарау 2. 2. Иттер мен мысықтардың иелерінің міндеттері.
2. Иттер мен мысықтардың иелерінің міндеттері.
Тармақ 7
7. Жануарлар иелерінің міндеттері:
Тармақша 1
1) Жануарларға жүйелі егуді жүргізу;
Тармақша 2
2) Ит жарақаттағаны туралы, ит тістеп алған жағдайда медициналық мекемелерге, қалалық ветеринарлық станцияларға тез хабарлауға;
Тармақша 3
3) Адамдар мен жануарларды тістеген немесе оларды жарақаттаған иттерді, карау және карантиндік іс-шаралар қолдану үшін қалалық ветеринарлық станцияларға тез жеткізу;
Тармақша 4
4) Көшелерден итпен тек қана кысқа баумен, тұмылдырықпен өтуге;
Тармақша 5
5) Пайдалануында жер учаскесі бар болған жағдайда жақсы қоршалған аумақта иттерді еркін немесе байлауда қыдыртуына. Иттің бар екені туралы учаскеге кіретін жерде тиісті ескертетін жазу болу керек;
Тармақша 6
6) Аулаларды, кіреберістерді, баспалдақ бөліктерін, лифттерді, балалар алаңдарын, жолдарды, жаяусоқпақтарды, саябақтарды, бақтарды, демалыс орындарын ластамау, ал ластаған жағдайда - арнайы бейімдеу көмегімен (пакет, қалақша) міндетті түрде жинау.
Тармақша 7
7) Жануарлар өлігі калса, оның өлексесін ветеринарлық немесе қаңғыбас кезбе және өлген жануарлар өлекселерін жинау жөніндегі арнайы мекемеге өткізуге.
Тармақша 8
8) Сайыс және оларға теңестірілген жоғары агресшіл иттерді тұрғылықты мекен-жайы бойынша ішкі істер бөлімінде міндетті түрде тіркеу (Қорғаныс Министрлігі, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті және басқа арнайы құқық қорғау органдарының кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдарының иттерінен басқа).
Тармақша 9
9) Аталған иттерді, айналасындағы адамдар және жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы берілген алаңдарда, бос қалған жерлерде немесе орман массивінде қыдырту.
Тармақша 10
10) Жалпы пайдаланудағы орындарда иттерді қысқа бау мен тұмылдырығының болуы, қарғыбауындағы жетонында иттің аты және иесінің мекен-жайы мен телефоны болуы камтамасыз етілсін.
Тармақ 8
8. Жануарлар иелеріне салынатын тыйымдар:
Тармақша 1
1) Жануарларды балалардын аула алаңдары, балалардың мектепке дейінгі мекемелері, мектептер мен оқу орындары, денсаулық сақтау нысандары, спорт алаңдары, бақтар, сутартқылар мен қалалық жағажай аумақтарында қыдырту;
Тармақша 2
2) Мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған балаларға қоғамдық орындарда жануарларды қыдыртуға және олармен көлікке отыру;
Тармақша 3
3) Жануарларды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына, сауда және азық-түлік дүкендерінің өндіріс залдарына әкелу мен ұстауға;
Тармақша 4
4) Жалпы қолдану орындарында, кіреберістерде, баспалдақ бөліктері мен төбелерде, жертөлелерде, жатақханалардың дәліздерінде жануарларды ұстауға;
Тармақша 5
5) Жануарлардың ветеринарлық анықтамалары мен құжаттары (төлқұжат, күшіктеу картасы, тұқымының сертификаты) жоқ болса, белгіленген орындардан басқа жерде күшіктер мен иттер, мысықтарды сатуға;
Тармақша 6
6) Өлген жануарлар өлексесін тастауға немесе өз еркімен көмуге.
Тармақша 7
7) Жануардың мертігуін болдырмайтын және күзетші иттердің жұмыс сапасын тексеріп дұрыс тұқым таңдап өсіруін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін арнайы ережелер бойынша және арнайы орындарда өткізілетін сайыстардан басқа, рұқсат берілмеген сайыстар өткізу.
Тармақша 8
8) Аталған иттерді тұрғын үйлер жанында, балалар алаңдарында, балалардың мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, спорт алаңдарында және басқа қоғамдық орындарында қыдырту.
Тарау 3. 3. Ит пен мысық иесінің құқықтары.
3. Ит пен мысық иесінің құқықтары.
Тармақ 9
9. Кез келген жануар иесінің меншігі болып табылады, басқа меншік сияқты заңмен корғалады.
Тармақ 10
10. Жануар құтыру ауруымен ауырған жағдайдан басқа кезде, иесінен оның келісімімен ғана алынады.
Тармақ 11
11. Иесі итін шектеулі уакытқа дүкен немесе басқа мекеме жанында кысқа баумен байлаулы қалдыруға құқы бар.
Тарау 4. 4. Осы ережелерді сақтамағаны үшін жануар иесінің жауапкершілігі.
4. Осы ережелерді сақтамағаны үшін жануар иесінің жауапкершілігі.
Тармақ 12
12. Жануарлар иелері ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды сақтамағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 310 бабына сәйкес жауапқа тартылады.
Тармақ 13
13. Осы ережелерді бұзғаны үшін жануарлар иелері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 311 бабына 1 тармағына сәйкес жауапқа тартылады.