О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 4 ноября 2005 года № 306-ОД "Об утверждении Инструкции по расчету ставки прибыли на регулируемую базу задействованных активов субъектов естественных монополий, оказывающих регулируемые услуги аэронавигации" Қолданыста
Басқа 0
"Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 қарашадағы № 306-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 қарашадағы № 306-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3962 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тәуекелсіз ставка Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қайта қаржыландыру ресми ставкасының деңгейіне тең қабылданады.».
Тармақ 2
2. Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
Тармақша 1
1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) оны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
__________________ Құсайынов
2010 жылғы 15 желтоқсан