О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 4 февраля 2005 года № 49 «О предоставлении права на ведение рыбного хозяйства и закреплении рыбохозяйственных водоемов (участков) на 2005 год» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімиятының 2005 жылғы 4 ақпандағы №49 «2005 жылға арналған балық шаруашылығын жүргізу құқығын беру және балық шаруашылығы тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №593 «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 10,37 және 40-баптарына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімиятының 2005 жылғы 4 ақпандағы №49 «2005 жылға арналған балық шаруашылығын жүргізу құқығын беру және балық шаруашылығы тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру туралы» қаулысына (Әділет департаментінде 2005 жылғы 14 наурызда №2356 тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 3-қосымшасында: «Қиғаш» өзені бойынша» кестесінде: Реттік нөмірі 7-жолындағы «Каспий-балық» ӨК» сөздері «Жазира» ШҚ» сөздерімен ауыстырылсын; қосымшаға сәйкес 8, 9, 10, 11 және 12 жолдарымен толықтырылсын; «АОАжБҚ – Атырау облыстық аңшылар және балық аулаушылар қоғамы» сөздерінен кейінгі ескерту төмендегі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Тимофеевка», «Золотенок», «Павловская», «Бахыт» және «Булгачная» тартым учаскелері табиғат пайдаланушыларға тек сәуір, мамыр айларына ғана уақытша бекітіліп беріледі.».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Қ.Ищановқа жүктелсін.
Басқа 3
Облыс әкімиятының 2005 жылғы «5» сәуірдегі №134 қаулысына қосымша Облыс әкімиятының 2005 жылғы «4» ақпандағы №49 қаулысына 3-қосымша № Тартым учаскелері Бекітіледі 8 Тимофеевка» «Каспий-балық» ӨК 9 «Золотенок» «Аксу-Қиғаш» БК ЖШС 10 «Павловская» «Е.Сәрсенбаев» ШҚ 11 «Бахыт» «Каспий-балық» ӨК 12 «Булгачная» «Ж.Шакупов» ШҚ КЕЛІСУ Облыстық әкімияттың 2005 жылғы 4 ақпандағы №49 «2005 жылға арналған балық шаруашылығын жүргізу құқығын беру және балық шаруашылығы тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы №49 «4» ақпан 2005 ж.