О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Костанайской области от 4 марта 2005 года № 77 «О мерах по предупреждению чрезвычайных ситуаций в период весеннего паводка 2005 года» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2005 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2005 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 77 қаулысына өзгерістер енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3363, 2005 жылғы 16 наурыздағы № 29 «Қостанай таңы», 2005 жылғы 16 наурыздағы № 37 «Костанайские новости»): 1) 3-тармақта: екінші абзацтағы «2 280 000 (екі миллион екі жyз сексен мың)» саны «3 074 000 (үш миллион жетпіс төрт мың)» санына ауыстырылсын; үшінші абзацтағы «2 760 000 (екі миллион жеті жүз алпыс мың)» саны «2 741 000 (екі миллион жеті жүз қырық бір мың)» санына ауыстырылсын; төртінші абзацтағы «4 500 000 (төрт миллион бес жүз мың)» саны «3 725 000 (үш миллион жеті жүз жиырма бес мың)» санына ауыстырылсын; 2) 1-қосымша келесі мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын: 14. Су қоймаларындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары Жылдың соңына дейін «Қостанай облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті» мемлекеттік мекемесі Төлеубаев Қ.Қ. 3) 2-қосымша жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге жүктелсін.
Басқа 3. 2005 жылдың су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін шұғыл қажеттіліктерге арналған шығындардың СМЕТАСЫ
Әкімдіктің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 172 қаулысына қосымша 2005 жылдың су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін шұғыл қажеттіліктерге арналған шығындардың СМЕТАСЫ Рет саны Іс-шаралардың атауы Құны, теңге Бағдарламаның әкімгері 1 Бөгеліп қалған сеңдерді жою жөніндегі жарылыс жұмыстары 938 000 «Қостанай облысының жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар басқармасы мемлекеттік мекемесі 2 «Қостанай гидрометеорология орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының көктемгі су тасқынына жасаған болжамына кететін шығындар 396 000 «Қостанай облысының жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар басқармасы» мемлекеттік мекемесі 3 Кезекші ұшаққа немесе тікұшаққа төлем төлеу 1 891 000 «Қостанай облысының жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар басқармасы» мемлекеттік мекемесі 4 Облыстық судан құтқару қызметі орталығының шығындары 500 000 «Қостанай облысының жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар басқармасы» мемлекеттік мекемесі 5 Қозғалыстағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тасқын суларды ағызу, жер қабатының бүлінген бөлігін, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарындағы жасанды құрылыстар мен олардың жоғарғы қабатын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың орындалуы 2 741 000 «Қостанай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті» мемлекеттік мекемесі 6 Су қоймаларындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары 3 074 000 «Қостанай облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті» мемлекеттік мекемесі ЖИЫНТЫҒЫ 9 540 00