О внесении изменений в постановление акимата от 4 апреля 2005 года № 86 "Об утверждении инструкции по оказанию социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку, по возмещению затрат на медицинское освидетельствование, проживание, питание и проезд к месту обучения в пределах региона" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 86 "Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолы мен тамақтануға, тұруға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру шаралары туралы» қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 86 "Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолы мен тамақтануға, тұруға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығын бекіту туралы" қаулысының қосымшасына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-5-2, 2005 жылғы 28 сәуір, 2005 жылғы 10 маусымдағы № 15-16 "Таза бұлақ-Чистый родник" газетінде жарияланды) өзгерістер енгізілсін: 5 бөлімнің 10-тармағының 3)-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: "3) тұруға төрт айлық есептік көрсеткіштер көлемінде ай сайын"; 5 бөлімнің 10-тармағының 4)-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын": "4) тамақтануға алты айлық есептік көрсеткіштер көлемінде ай сайын".
Тармақ 2
2. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 11 "Әкімдіктің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 86 "Кәсіби даярлау,біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолы мен тамақтануға, тұруға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-5-63, 2008 жылғы 13 наурыздағы № 10 "Таза бұлақ-Чистый родник" газеті) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары К.Ғ.Таңқыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.