О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 4 июля 2006 года № 511 «О некоторых вопросах социальной поддержки инвалидов в городе Лисаковске» Күшін жойған
Басқа 0
«Лисаков қаласындағы мүгедектерді
әлеуметтік қолдаудың кейбір мәселелері
туралы» әкімдіктің 2006 жылғы 4 шілдедегі
№ 511 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағына, "'Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына және
«Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған багдарламасын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 6 қаңтардағы
№ 17 қаулысымен бекітілген мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға
арналған бағдарламасына сәйкес, мүгедектерді әлеуметтік қолдау және
кәсіби оңалтуды күшейту, олардың тіршілік сапасын жақсарту және қоғамға
толық кірігуі үшін, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Лисаков қаласындагы мүгедектерді әлеуметтік қолдаудың кейбір
мәселелері туралы» әкімдіктің 2006 жылғы 4 шілдедегі № 511 қаулысына
нормативтік қүқықтық актілердің мемлекетгік тіркеу тізілімінде 2006
жылғы 20 шілдеде № 9-4-55 болып тіркелген, 2006 жылғы 27 шілдедегі № 30
«Лисаковская новь» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен
толыктырулар енгізілсін:
1-тармагының 5) тармакшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен арнайы
орта оқу орындарында оқитын мүгедектерге оқуға біржолғы әлеуметтік көмек»;
1- тармақ мынадай мазмүндагы 6) тармақшасымен толықтырылсын:
«6) "Мүгедектерге арналған Жітіқаралық өңірлік оңалту орталығы"
мемлекеттік мекемесіне мүгедектердің жол жүруіне біржолғы әлеуметтік
көмек»;
8 -тармақ мынадай редакңияда жазылсын:
«8. Үйде оқытылатын 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік
көмек ағымдағы тоқсанга тағайындалады және ай сайын мүгедек баланың
ата- аналарына, бала асырап алушыларға (қыз етіп асырап алушыларға),
қорғаншыларға (қамқоршыларға) немесе басқа заңды өкілдеріне отбасы
кірісіне қарамастан ағымдағы жылдың оқу кезеңіне 2 есе айлық есептік
көрсеткіш сомасында төленеді»;
11-1 тармак мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1. Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнайы оқу орындарында оқитын мүгедектерге оку төлемақысына біржолғы әлеуметтік көмек ағымдағы жылдың оқу кезеңіне (I, II жартыжылдық) оқу күнының мөлшерінде (теңгемен) төленеді»;
мынадай мазмүндағы 11-2 тармакпен толықтырылсын:
«11-2. Мүгедектерғе арналған Жігіқаралық өңірлік оңалту орталығы»
мемлекеттік мекемесіне мүгедектердщ жол жүруіне біржолғы әлеуметтік көмек барып келудің қүны мөлшерінде төленеді.
Мүгедектердің жол жүруіне әлеуметтік көмек мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тағайындалады және төленеді».
Тармақ 2
2. Қаулының орындалуын бакылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары В.В. Абоимоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданыска енгізіледі.