О внесении дополнений в постановление от 4 декабря 2006 года № 882 «Об утверждении перечня видов и объемов общественных работ на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
«2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың көлемі мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы» 2006 жылғы 4 желтоқсандағы № 882 қаулыға толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Халықты жүмыспен қамту туралы» Заңынын 20 бабына сәйкес және Жітіқара ауданының әкімдігі «Жітіқара Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тапсырмасы негізінде, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың көлемі мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы» 2006 жылғы 4 желтоқсандағы № 882 әкімдік қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-57, 2007 жылы 12 қаңтардағы «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
«Хозрет селосындағы жұмыстар» бөлімдегі «Жұмыс түрлері» бағанасының қосымшасында 3) тармақшасы мынадай мазмұнда толықтырылсын: «бұрынғы орта мектеп ғимараты - әлеуметтік мақсаттағы объектінің күзетуіне қатысу»;
«Адамдар саны» бағанасы «5» цифрымен толықтырылсын;
«Адам-күндері» бағанасы «390» цифрымен толықтырылсын;
«Жұмыс күндері» бағанасы «22» цифрымен толықтырылсын;
«Жұмыстардың көлемдері және жағдайлары» бағанасы «4329 шаршы метр» цифрасымен және сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң күшіне енеді.