О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 апреля 2007 года № 260 «Об установлении минимальных розничных цен на сигареты с фильтром, без фильтра и папиросы» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Тармақ 1
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
«1. Фильтрлі, фильтрсіз 20 (жиырма) сигаретке және папиростарға:
Тармақша 1
1) 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін үш жүз жиырма теңге;
Тармақша 2
2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін үш жүз қырық теңге;
Тармақша 3
3) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 31 қаңтарды қоса алғанға дейін үш жүз алпыс теңге;
Тармақша 4
4) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жүз сексен теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.