О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 апреля 2007 года № 260 «Об установлении минимальных розничных цен на сигареты с фильтром, без фильтра и папиросы» Күшін жойған
Басқа 0
«Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Фильтрлі, фильтрсіз 20 (жиырма) сигаретке және папиростарға:
1) 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін үш жүз алпыс теңге;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін үш жүз сексен теңге;
3) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін төрт жүз теңге;
4) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін төрт жүз жиырма теңге;
5) 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін төрт жүз қырық теңге;
6) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін төрт жүз алпыс теңге;
7) 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін төрт жүз сексен теңге;
8) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін бес жүз теңге;
9) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап бес жүз жиырма теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.