О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 апреля 2007 года № 260 "Об установлении минимальных розничных цен на сигареты с фильтром" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат; 2010 ж., № 25-26, 189-құжат; 2012 ж., № 35, 466-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. 20 (жиырма) фильтрлі сигаретке: 1) 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін бір жүз отыз мың теңге мөлшерінде; 2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бір жүз елу теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.