О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 апреля 2007 года № 260 «Об установлении минимальных розничных цен на сигареты с фильтром, без фильтра и папиросы» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Фильтрлі, фильтрсіз 20 (жиырма) сигаретке және папиростарға: 1) 2020 жылғы 1 қазаннан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін төрт жүз жетпіс теңге; 2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін бес жүз теңге; 3) 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін бес жүз жиырма теңге; 4) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін бес жүз елу теңге; 5) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін бес жүз жетпіс теңге; 6) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алты жүз теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.