О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 апреля 2007 года № 266 «Об утверждении Правил присуждения государственной стипендии Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы в области культуры» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 266 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 266 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия (бұдан әрі – мемлекеттік стипендия) беріледі.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.