О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 4 мая 2007 года № 271/4 «О предоставлении дотации на воду, используемую для полива огородов отдельным категориям граждан, являющимися собственниками частных домов на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 4 мамырдағы «2007 жылға жеке меншік үйлерінің иесі болын табылатын азаматтардың жекеленген санаттарына бау-бақшаларын суару үшін жәрдемқаржы беру туралы» № 271/4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Екібастұз қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы (III шақырылған XXXII сессия) «Екібастұз қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» № 407/2 шешіміне сәйкес, тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз тобын қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 4 мамырдағы «2007 жылға жеке меншік үйлерінің иесі болып табылатын азаматтардың жекеленген санаттарына бау-бақшаларын суару үшін жәрдемқаржы беру туралы» (нормативтік қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-3-97 болып тіркелген, 2007 жылғы 7 маусымда «Отарқа» газетінде № 23 (856) және «Вести Экибастуза» № 23 (282) газеттерінде жарияланған) № 271/4 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 2
2 тармақ жаңа редакцияда келесі мазмүнда оқылсын: «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Ә. Арыстанов) бау-бақшаларын суару үшін пайдаланатын суға суарылатын су құнынан 50 % мөлшерінде жәрдемқаржы берсін.
Тармақ 2
2. Осы Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолдапысқа енгізіледі.
Тармақ 3
З. Осы Қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Ш. Балтабековаға жүктелсін.