О внесении изменений и дополнений в решение от 4 августа 2007 года № 475 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2007 жылғы 4 тамыздағы № 475 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 115) тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабы 2 тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2007 жылғы 4 тамыздағы 475 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-76, 2007 жылғы 7 қыркүйектегі «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілгендей, тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіндегі: 2 тармақтағы: «20» саны «15» санына ауыстырылсын; «балалар-мүгедектер» деген сөздерінен кейін «ауданның құрметті азаматтары болып табылатын, жұмыс істемейтін зейнеткерлер» деген сөздерімен толықтырылсын; «15» саны «10» санына ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «Қалада және ауылдық жерлерде, сондай-ақ қала шетіндегі жеке секторда тұратын Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге және соғыс жылдары қайтыс болған жауынгерлердің әйелі (күйеуі) қайтып, некеге отырмағандарға осы Ережелермен белгіленген көлем нормасының шегінде коммуналдық қызметтерді және тұрғын үйді ұстауға шығындардың 100 % орнын толтырады.»; 3 тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін, тұрғын үй көлемінің нормасы әр отбасы мүшелеріне берілетін тұрғын үй нормасына барабар болып, тұрғын үй заңнамасымен белгіленген және ол бір адамға 18 шаршы метр құрайды,қосымша отбасына жалпы көлемі 9 шаршы метр, бірақ отбасы иеленген көлемінен артық болмауы керек. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер және соғыс жылдары қайтыс болған жауынгерлердің әйелі (күйеуі) қайтып, некеге отырмағандар үшін - 36 шаршы метр, жалғыз басты тұратын азаматтар үшін - 30 шаршы метр, бірақ нақтыланғаннан иелену көлемінен артық емес.»; 4 тармағы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Ауылдық жерлерде, сондай-ақ, қаланың жеке секторында тұратын Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер және соғыс жылдары қайтыс болған жауынгерлердің әйелі (күйеуі) қайтып, некеге отырмағандар үшін жылу беру науқанына, көмір және отын алуына 15 айлық көрсеткіш есебі мөлшеріндегі норма болып белгіленсін. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет тұтынудың көрсеткіштері мен нормативтері нормативтік базасы өзгеруі кезінде өзгеруі мүмкін.»; 6 тармағы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтерлер, үйлер) бар немесе тұрғын үйді жалдау (жалдап алу) немесе жалдауға тапсыратын тұлғалар, тұрғын үй көмегін алу мүмкіндігін жоғалтады. Берілген жұмыстан себепсіз бас тартқан жұмыссыздар немесе жұмысқа орналасқысы келмеген жұмыссыздар, өз еркімен қоғамдық жұмысқа қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқандар тұрғын үй көмегін алу мүмкіндігін алты айға жоғалтады.»; 7 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «7. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде тұрғын үй көмегін есептеуіне әсер ететін өзгерістер туралы, Уәкілетті органға хабарлауы керек. Өтініш берушінің тапсырған құжаттарының нақтылығына күмән туса, Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін заң тәртібі белгілеуімен қажетті мәліметті сұрауға құқылы. Жалған мәліметтер болған кездері, оның артынан молырақ тағайындалған немесе заңсыз берілген өтемақылар төленсе, алынған тұрғын үй көмегі, толық мөлшерде берілген тұрғын үй көмегі оз еркімен қайтарылуы тиіс, ал одан бас тартқанда - сот арқылы бюджетке қайтарылуы тиіс.»; 10 тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Ауылдық жерлерде, сондай-ақ, қаланың жеке секторында тұратын Ұлы Отан соғысына катысушылар мен мүгедектер және соғыс жылдары қайтыс болған жауынгерлердің әйелі (күйеуі) қайтып некеге отырмағандарға тұрғын үй көмегі өтініш берушілердің жеке шоттарына аударылсын.»; 11 тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Зейнеткерлер үшін тұрғын үй көмегі өтініш жасаған айдан бастап, бүкіл жылу беру науқаны аяғына дейін тағайындалады.»; 12-1 тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын: «12-1. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде жайсыз жағдайлар туған жағдайда, мәселеде шешім қабылдау үшін Уәкілетті органы жанында құрылған әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі консультативтік-кеңестік комиссиясына шығарылады.»; 14 және 15 тармақтары алынып тасталсын; 17 тармақтағы 11) тармақша алынып тасталсын;
Тармақ 2
2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі.