О внесении дополнений в постановление акимата района от 4 апреля 2007 года № а-4/88 «Об организации социальных рабочих мест в 2007 году по Ерейментаускому району» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2007 жылдың 4 сәуіріндегі «2007 жылы Ерейментау ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру туралы» № а-4/88 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына сәйкес тұрғындардың нысаналы тобын әлеуметтік қорғауға арналған қосымша шараларды бекіту үшін Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ерейментау ауданы әкімдігінің «2007 жылы Ерейментау ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру туралы» 2007 жылдың 4 сәуіріндегі № а-4/88 (Ерейментау аудандық әділет Басқармасында 2007 жылдың 17 сәуірінде № 1-9-82 тіркелген) қаулысына келесідей толықтырулар енгізілсін: әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі қосымшаға сәйкес толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қаулы Ерейментау ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және жарияланғаннан сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Нақты қаулының ықпалы 2007 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары С.Н.Дүйсенбаеваға жүктелсін.
Басқа 5
2007 жылдың «10» тамыздағы № а-8/272 Ерейментау ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша Құрылатан әлеуметтік жұмыс орындары және кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі № Кәсіпорын атауы Құрылған жұмыс орындар саны 1. «Арман» шаруа қожалығы 4 2. «Вефиль - 2005» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 4 3. Барлық жұмыс орны 8