О внесении изменений в постановление акимата от 4 февраля 2008 года № 46 «О реализации решения Денисовского районного маслихата от 19 декабря 2007 года № 18 «О бюджете Денисовского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 46 «Денисов аудандық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 18 «2008 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 8-бабы 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 46 «Денисов аудандық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 18 «2008 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2008 жылғы 5 наурызда № 9-8-91 болып тіркелген, аудандық «Наше время» газетінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 12 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 8
«8) тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде үйде оқып-тәрбиеленетін мүгедек-балаларға оку кезеңіне ай сайынғы әлеуметтік көмек»;
3-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 6
«6) Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнаулы оку орындарында окуға байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек білім берудің орталық атқарушы органымен жыл сайын комплекстік тестілеуден белгіленген минималдық санынын төмен емес балл жинаған және мемлекеттік білім гранттар ала алмаған жалпы орта білім беру мекемелерінің бітірушілеріне, оқитын студенттерге тағайындалады және төленеді:
аз қамтылған отбасыларынан;
ата-аналары қамқорлығысыз қалған балаларға, оның ішінде жетім-балалар;
көп балалы отбасыларынан (төрт және одан да көп, бірге тұратын кәмелетке толмаған балалар бар болса);
бала кезінен мүгедек және 1, 2, 3-топтарындағы мүгедектерге, мүгедек-балаларға».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековке жуктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң колданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Әкімдіктің 2008 жылғы 13 тамыздағы № 211 «Әкімдіктің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 46 «Денисов аудандық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 18 «2008 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы жойылсын.