О внесении изменений в постановление акимата от 4 апреля 2008 года № 70 «Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2008 жылдың сәуір-маусым мен қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 70 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, «Әскери міндеттер және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңың, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери кызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусым қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығын орындауда, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2008 жылдың сәуір-маусым мен қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті шақыру жүргізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тізілімінде № 9-20-70 тіркелген 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 16 «Федоровские новости» газетінде жарияланған) әкімдіктің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 70 қаулысына мына өзгеріс енгізілсін: 1) қаулының 1-тармағы мына редакцияда жазылсын: «2008 жылдың сәуір-маусым мен қазан-желтоқсан айларында он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейін азаматтарды әскери қызметке шақырылуы, әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ және оқу орындарынан шығарылған азамарттар»; 2) 4-тармақ жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастал қолданысқа енгізіледі.