Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов на территории города Рудного в период выборной кампании по выборам депутатов Сената Парламента Республики Казахстан, назначенных на 4 октября 2008 года Қолданыста
Басқа 0
2008 жылғы 4 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны кезеңінде Рудный қаласының аумағында үгіттеу баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
«Казақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 28 шілдедегі № 635 «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2008 жылғы 4 қазанға тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес, 2008 жылғы 4 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны кезеңінде үгіттеу баспа материалдарын орналастыруды тәртіпке келтіру мақсатында Рудный қаласының әкімдігі және Рудный қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылғы 4 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны кезеңінде Рудный қаласының аумағында үгіттеу баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшага сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А.Ишмүхамбетовке және қалалық аумақтық комиссиясының төрағасы А.Н.Тарасевичке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. 2008 жылғы 4 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны кезеңінде Рудный
қаласының аумағында үғіттеу баспа материалдарын орналастыруға
арналған орындар
Рудный қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 18 тамыздағы № 26
және Рудный қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының
2008 жылғы 18 тамыздагы № 19б
бірлескен қаулысына
қосымша
2008 жылғы 4 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны кезеңінде Рудный
қаласының аумағында үғіттеу баспа материалдарын орналастыруға
арналған орындар
Тармақ 1
1. 50 лет Октября көшесі:
«Универсам» дүкені ауданы
Тармақ 2
2. Ленин көшесі:
Тармақша 1
1) «Мұражай» аялдамасы
Тармақша 2
2) «Дос Бол» дүкені ауданы.
Тармақ 1
1. Қашар поселкесі:
«Кашар жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
Тармақ 2
2. Горняцк поселкесі:
Рудный қаласы әкімдігінің «Горняцк поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында.