О внесении дополнений в постановление акимата области от 4 мая 2010 года N 60 "Об установлении водоохранных зон и полос, режима их хозяйственного использования в пределах административных границ Алматинской области на реках Малая Алматинка, Каскелен, Талгар, Есик, Каратал и Коксу" Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы "Алматы облысының әкімшілік
шекарасындағы Кіші Алматы, Қаскелең, Талғар, Есік, Қаратал және Көксу өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі туралы" N 60 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 39-бабына және 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қантардағы "Су қорғау аймақтары және белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы" N 42 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы "Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Кіші Алматы, Қаскелең, Талғар, Есік, Қаратал және Көксу өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі туралы" N 60 қаулысына (2010 жылдың 8 маусымдағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2053 номерімен тіркелген және 2010 жылдың 22 маусымдағы N 7374 "Жетісу", 2010 жылдың 24 маусымдағы N 75 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының 1-тармағы келесі тармақшаларымен толықтырылсын:
7) "Кіші Алматы өзенінің 03-046-267-521 кадастрлық номері жер учаскісін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы";
8) "Талғар өзенінің 03-051-146-199 кадастрлық номері жер участкісін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы";
9) "Талғар өзенінің 03-051-146-474 кадастрлық номері жер участкісін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы".
Тармақ 2
2. Алматы облысының жер қатынастары басқармасы (Ғ.Қ. Тоқпеисов) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министірлігі жер ресурстарын басқару комитетінің "Жер кадастры ғылыми - өндірістік орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы Алматы облысының филиалымен (А.Н. Нұрқанов келісім бойынша) бірлесе отырып, бекітілген жұмыс жобаларға сәйкес су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасын картографиялық материалдарға түсірсін және жер-есепке алу құжаттарына өзгертулер енгізсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Досымбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Балқаш-Алакөл бассейндік
инспекциясының басшысы
Серіғали Мұхаметкәрімұлы Мұқатаев
25 желтоқсан 2013 жыл
Алматы облысы бойынша
экология департаментінің
басшысы
Қалижан Асанбайұлы Мәлібеков
25 желтоқсан 2013 жыл
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Алматы облысы
бойынша департаментінің
директоры
Ерғали Жақсыбекұлы Сыдыманов
25 желтоқсан 2013 жыл
Жер қатынастары басқармасының
басшысы
Ғалым Қасымұлы Тоқпеисов
25 желтоқсан 2013 жыл