О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 4 мая 2010 года № 60 "Об установлении водоохранных зон и полос, режима их хозяйственного использования в пределах административных границ Алматинской области на реках Малая Алматинка, Каскелен, Талгар, Есик, Каратал и Коксу" Күшін жойған
Басқа 0
Облысы әкімдігінің 2010 жылғы
4 мамырдағы «Алматы облысының
әкімшілік шекарасындағы Кіші Алматы,
Қаскелең, Талғар, Есік, Қаратал
және Көксу өзендерінің су қорғау
аймақтары мен белдеулерін белгілеу
және оларды шаруашылыққа пайдалану
режимі туралы» № 60 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 39-бабына және 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және «Су қорғау аймақтары және белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы «Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Кіші Алматы, Қаскелең, Талғар, Есік, Қаратал және Көксу өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі туралы» № 60 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 8 маусымында № 2053 тіркелген және 2010 жылдың 22 маусымдағы № 73-74 «Жетісу», 2010 жылдың 24 маусымдағы № 75 «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының кіріспесінде «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату Ережесін бекіту туралы» № 42 қаулысына» сөздері «Су қорғау аймақтары және белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына» сөздерімен ауыстырылсын;
аталған қаулының 1-тармағы келесі тармақшалармен толықтырылсын:
«10) Қаскелең өзенінің (оң жағалауы) 03-056-009-262 кадастрлық номері жер участкісін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;»;
«11) Қаратал өзенінің (сол жағалауы) 03-268-042-110 кадастрлық номері жер участкісін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы.».
Тармақ 2
2. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.