Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2011 года № 1137 «Об утверждении перечня участков недр, месторождений, имеющих стратегическое значение»

Қаулы · № 607 · қабылданған 07.08.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2011-no-1137/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2011 года № 1137 «Об утверждении перечня участков недр, месторождений, имеющих стратегическое значение» Күшін жойған Қаулы ·№ 607 ·07.08.2015
28.06.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2011 года № 1137 «Об утверждении перечня участков недр, месторождений, имеющих стратегическое значение»

Күшін жойған Қаулы ·№ 607 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2011 года № 1137 «Об утверждении перечня участков недр, месторождений, имеющих стратегическое значение»
Атауы (қаз.)
«Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 1137 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
607
Қабылданған күні
07.08.2015
Көрсетілген редакция
28.06.2018 60081_337334.kaz
Соңғы өзгеріс
28.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000607
ЭКБ идентификаторы
60081
Редакция идентификаторы
60081_337334
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:47

0 «Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 1137 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 793-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін, сондай-ақ оларды осындайларға жатқызу критерийлерін бекіту туралы»;
кіріспесі мен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесі;
2) жер қойнауы учаскелерін, кен орындарын стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне, кен орындарына жатқызу критерийлері бекітілсін.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген қаулыға қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2015 жылғы 7 тамыздағы
№ 607 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 4 қазандағы
№ 1137 қаулысымен
бекітілген
Жер қойнауы учаскелерін, кен орындарын стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне, кен орындарына жатқызу
критерийлері

1 1. Жер қойнауы учаскелерін, кен орындарын стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне, кен орындарына жатқызу үшін олар мынадай критерийлердің біріне сәйкес келуі қажет:

1 1) жер қойнауын пайдалануға арналған бір немесе бірнеше келісімшарт шеңберінде бір тұлға не үлестес тұлғалар тобы игеретін кен орындары тобының жер қойнауы учаскесінде болуы, олардың пайдалы қазбаларының алынатын қорының жиынтық шамасы мыналарды құрайды:

Пайдалы қазба,
қорлардың өлшем бірлігі
Қорлар мөлшері
1
2
Көмірсутек шикізаты
Мұнай, млн. т
≥15
Табиғи газ, млрд. м3
≥10
Қара металдар кен орындары
Темір кендері, млн. т
≥100
Марганец кендері, млн. т
≥20
Хромит кендері , млн. т
≥30
Түсті, сирек кездесетін және асыл металдар кен орындары
Мыс, млн. т
≥5
Қорғасын, млн. т
≥2
Мырыш, млн. т
≥2
Бокситтер, млн. т
≥50
Никель, мың. т
≥50
Вольфрам, мың. т
≥100
Молибден, мың. т
≥200
Алтын, т
≥50
Энергетикалық шикізат кен орындары
Көмір, млн. т
коксталатын
≥50
энергетикалық
≥500
қоңыр
≥500
Жанғыш тақтатастар, млн. т
≥500
Бейметалл пайдалы қазбалардың кен орындары
Фосфориттер (кені), млн. т
≥200
Калий тұздары:
хлорлы сұр тұз, млн. т
≥600
күкіртқышқылды, аралас, млн. т
≥100
натрий сульфаты (мирабилит, тенардит), млн. т
≥10
Бариттер (кен), млн. т
≥10

2 2) жер қойнауы учаскесінің немесе кен орнының теңізде немесе ішкі су тоғанында орналасуы;

3 3) елдің қорғаныс қабілеттілігі немесе ұлттық қауіпсіздігі мүдделері арқылы айқындалатын, игерілуі:

Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне қауіп төндіруге қабілетті немесе төндіретін;
елдiң қорғаныс қабiлетi деңгейінiң төмендеуiне, мемлекеттiк шекараның қол сұғылмаушылығына қатер төндіруге әкеп соқтыратын;
экологиялық жағдайдың, оның ішінде ауызсу сапасының күрт нашарлауына, дүлей апаттар мен табиғи және техногендiк сипаттағы өзге де төтенше жағдайларға, эпидемиялар мен эпизоотияларға әкеп соқтыратын жер қойнауы учаскелері немесе кен орындары;

4 4) уран кен орындары;

5 5) ірі елді мекендерді ауызсумен немесе шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға арналған жерасты суларының кен орны.

Қолданыстағы