О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 232 "Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим и послевузовским образованием, а также с техническим и профессиональным образованием в организациях образования, финансируемых из республиканского бюджета (за исключением подготовки специалистов в организациях образования Комитета национальной безопасности Республики Казахстан) на 2011/2012 учебный год" Қолданыста
Басқа 0
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2011/2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 232 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2011/2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 232 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2011/2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
«6М010000», «6М030000», «6М040000», «6М050000», «6М060000», «6М070000», «6М090000», «Барлығы» және «Жиыны» деген жолдардың 3-бағанындағы «500», «80», «30» «450», «700», «564», «150», «3396» және «3500» деген сандар тиісінше «525», «88», «44», «485», «735», «601», «155», «3555» және «3659» деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.