О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июля 2013 года № 684 «Об утверждении образцов паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства, удостоверения беженца, проездного документа и требований к их защите» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, босқын куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, босқын куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген босқын куәлігінің үлгісінде: 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Босқын куәлігінің мұқабасы көк түсті. Босқын куәлігінің алдыңғы мұқабасының беткі жағында: жоғары бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу; ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы; төменгі бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде: «БОСҚЫН КУӘЛІГІ REFUGEE CERTIFICATE» деген жазу орналасқан. Жазулар және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады. 5. Босқын куәлігінің 1-беті иесінің фотобейнесін, қолы мен деректерін орналастыруға арналған, онда қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай деректемелер орналасады (№ 18 сурет): «Босқын куәлігі Refugee certificate Тегі Surname __________________________________________ Аты/Name _________________________________________ Әкесінің аты (бар болса) Middle name (if available)_____________________________ Туған күні, айы, жылы және туған жері/ Date and place of birth __________________________________________________ ___________________________________________________ Азаматтығы/Citizenship _______________________________________ Босқын деп танылғаны және Қазақстан Республикасының қорғауында болатыны куәландырылады/Certifies that he (she) is recognized as a refugee and is under the protection of the Republic of Kazakhstan. Комиссияның 20___ж. «__» _____________№____шешімі The decision of the commission from «___»______20___ №._________ Куәлік ________________ бастап ___________ дейін жарамды The certificate is valid: with_____________ by _______________ Берген орган Issuing authority ____________________________________________ Куәліктің берілген күні Date of issue of the certificate __________________________________ Босқынның қолы Signature of the refugee ______________________________________ Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның басшысы Head of the local Employment authority ___________________________________________________________ (облыс, қала атауы/ name of the region, city) __________________________________________ қолы/signature М.О./Р.Р.». Босқын куәлігінің 1-бетінің жоғарғы бөлігінде «Босқын куәлігі Refugee certificate» деген жазудың астында сол жағында қазақ және ағылшын тілдерінде: «Сурет орны/Place for photos» деп жазылған рама орналасады. Рамаға босқын куәлігі иесінің көлемі 30х40 мм фотосуреті жапсырылады. Босқын куәлігінің 1-бетінің төменгі бөлігінде екі әріптік және сегіз цифрлық нышаннан тұратын босқын куәлігінің нөмірі орналасқан. 6. Босқын куәлігінің 2-6-беттерінің жоғарғы және төменгі бөліктерінде қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай жазулар орналасқан (№ 19 сурет): Куәлік _______________ бастап ________________ дейін ұзартылды The certificate has been extended: from ______________ by___________ Комиссияның 20___ж. «__» _____________№____шешімі The decision of the commission from «___»______20___ №._________ Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның басшысы Head of the local Employment authority __________________________________________________________ (облыс, қала атауы/name of the region, city) _______________________________________________қолы/signature М.О./Р.Р.». 7. Босқын куәлігінің 7 және 8-беттерінде қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай жазулар, сондай-ақ он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері көрсетілетін кесте орналасқан (№ № 20, 21 суреттер): «Он сегiз жасқа толмаған отбасы мүшелерi Family members under the age of eighteen» Тегі Surname Аты Name Әкесінің аты (бар болса) Middle name (if available) Туыстық қатынасы Relation degree Туған күні, айы, жылы және туған жері Date and place of birth Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның басшысы Head of the local Employment authority _________________________________________________________ (облыс, қала атауы/name of the region, city) _______________________________________________қолы/signature М.О. / Р.Р.». 8. Босқын куәлігінің 9-11-беттері ерекше белгілерді енгізуге арналған. Беттердің жоғарғы жағында қазақ және ағылшын тілдерінде (№ 21 сурет): «Ерекше белгілер Special marks» деген жазу орналасқан.»; № 17, 18, 19, 20 және 21 суреттер осы қаулыға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы « » № қаулысына 1-қосымша № 17 сурет. Мұқаба № 18 сурет. Алдыңғы форзац ______________________________________
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы « » № қаулысына 2-қосымша № 19 сурет. 2-5-беттер __________________________________________
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы « » № қаулысына 3-қосымша № 20 сурет. __________________________________________
Басқа 4
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы « » № қаулысына 4-қосымша № 21 сурет. 8-11-беттер. __________________________________________