«О внесении дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 4 июня 2014 года № 147 «Об утверждении расположения Специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения и согласовании расположения помещений для проведения религиозных мероприятий за пределами культовых зданий (сооружений)» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 147 қаулысына толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабы 7) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 147 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3392, 2014 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 22 шілдедегі № 83 (17020) «Дидар», 2014 жылғы 21 шілдедегі № 82 (19529) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: аталған қаулыға 1-қосымша: мынадай мазмұндағы реттік сандары 65-1, 65-2 жолдарымен толықтырылсын: « 65-1 «Быт-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимараты (Жеке кәсіпкер «Проскурякова Галина Григорьевна») Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Чапаев көшесі, № 41 үй 65-2 «Быт-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимараты (Жеке кәсіпкер «Гуслякова Нина Александровна») Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Чапаев көшесі, № 41 үй ».
Тармақ 2
2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың дін істері басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) әкімдіктің осы қаулысын мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.