О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 4 июня 2014 года № 147 «Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения и согласовании расположения помещений для проведения религиозных мероприятий за пределами культовых зданий сооружений)» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 147 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 147 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3392, 2014 жылғы 22 шілдедегі № 83 (17020) «Дидар», 2014 жылғы 21 шілдедегі № 82 (19529) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған қаулыға 1- қосымшада: реттік сандары 1, 5, 16, 17, 23, 38, 39 жолдары алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік саны 40-1 жолымен толықтырылсын: " 40-1 «Мерей» сауда үйі (Жеке кәсіпкер «Дитц Андрей Юрьевич») Қабанбай батыр көшесі, № 76 үй "; реттік сандары 44, 45, 46 жолдары алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік саны 59-1 жолымен толықтырылсын: " 59-1 «Айғыз 1» сауда үйі (Жеке кәсіпкер «Кызбаев Талгатбек Айтмухаметулы») Әуезов көшесі, № 30б үй "; мынадай мазмұндағы «Зайсан ауданы» бөлімімен толықтырылсын: " Зайсан ауданы 66 «Рус Дин» сауда үйі (Жеке кәсіпкер «Акмадияр Назигуль») Зайсан қаласы, Малдыбаев көшесі, № 64 үй "; аталған қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы реттік сандары 26-1, 26-2 жолдарымен толықтырылсын: " 26-1 Ырғызбай ауылдық округі, «Әулие Ырғызбай» кесенесі, намазхана 26-2 Қарасу ауылдық округі, Қараой елді мекені, намазхана ".
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.