О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 4 мая 2014 года № 40 «Об утверждении Правил проведения конкурса и стажировки для занятия должностей в системе органов прокуратуры Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 «Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 «Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9561 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 маусымда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларында (бұдан әрі-Қағидалар):
5-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексерістің қорытындылары;»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру Бас прокуратураның, конкурсты жариялаған прокуратура органының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланады.
Негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста болу кезеңіне бос лауазымға орналастыру үшін конкурс өткізілген жағдайда мұндай шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.».
14-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі, сондай-ақ құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны (конкурсты жүргізу туралы соңғы жарияланым күнінен бастап жеті жұмыс күні) қамтылуы тиіс.».
осы Қағидаларға 1-қосымшада:
1-тараудың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бас прокуратураның аудандық органдары:
Қала, аудан прокуроры және оған теңестірілген прокурор;
Қала, аудан прокурорының және оған теңестірілген прокурордың орынбасары;
Қала, аудан прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның бөлім бастығы.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Қағидалардың 1-қосымшасының 1-тарауының 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі
______________________
«____» __________ 2020 жыл