О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 мая 2014 года № 437 «Об утверждении размера оплаты деятельности частного судебного исполнителя» Күшін жойған
Басқа 0
«Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
4 мамырдағы № 437 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 32,
288-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 192 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 437 қаулысымен бекітілген
Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлері
Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде істің санатына байланысты төленетін жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы мынадай тәртіппен белгіленеді:
Тармақша 1
1) мүліктік (ақшалай) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін мынадай сомалар бойынша:
60 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 25 пайызы мөлшерінде;
60 АЕК-тен 300 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 20 пайызы мөлшерінде;
300 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының
15 пайызы мөлшерінде;
1 000 АЕК-тен 5 000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 10 пайызы мөлшерінде;
5 000 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 8 пайызы мөлшерінде;
10 000 АЕК-тен 20 000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 5 пайызы мөлшерінде;
20 000 АЕК-тен жоғары болса – өндіріп алу сомасының 3 пайызы мөлшерінде;
Тармақша 2
2) мүліктік емес (ақшалай емес) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін:
шығару және (немесе) үйге орналастыру, борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға және (немесе) оларды жасаудан тартынуға міндеттеу туралы атқарушылық құжаттар бойынша – жеке тұлғалардан 50 АЕК, заңды тұлғалардан 100 АЕК;
талап қоюды қамтамасыз ету, мүлікті тыйым салудан босату және өзге атқарушылық құжаттар бойынша – жеке тұлғалардан 20 АЕК, заңды тұлғалардан 40 АЕК;
Тармақша 3
3) мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар үшін:
алименттерді өндіріп алу және жарақаттанудан немесе денсаулықты өзге де зақымдаудан келтірілген зиянды өтеу туралы, өндіріп алу сомасының 1 АЕК мөлшерінде тоқсан сайын.
Пайда болған берешекті өндіріп алу кезінде жеке сот орындаушының қызметіне ақы төлеу осы жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерінің 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескертпе: өндіріп алу сомасы – атқарушылық құжатта көрсетілген ақшалай талаптың не өндіріп алушының мәжбүрлеп орындатуға ұсынған ақшалай талабы бөлігінің мөлшері;
АЕК – «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіш.