О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 мая 2014 года № 437 «Об утверждении размеров оплаты деятельности частного судебного исполнителя» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 32, 288-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерінде: ескертпе мынадай редакцияда жазылсын: «Ескертпе: өндіріп алу сомасы – атқарушылық құжатта көрсетілген ақшалай талаптың не өндіріп алушы мәжбүрлеп орындатуға ұсынған ақшалай талаптың бір бөлігінің мөлшері. Егер мүліктік сипаттағы атқарушылық құжат ішінара орындалса, онда жеке сот орындаушысына оның қызмет ақысының өндіріп алынған сомаға немесе мүлік құнына пропорционалды бір бөлігі ғана төленеді. АЕК – «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіш.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.