О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде: 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «20. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін атқару жөніндегі уәкілетті орган кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Үкіметтің қаулысын бекіткеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде төмен тұрған бюджеттерге трансферттер мен бюджеттік кредиттерді аударуға байланысты бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ететін орталық атқарушы органға айлар бойынша бөлінген оларға көзделген трансферттер мен бюджеттік кредиттер сомасын береді.»; 61-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «61. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін қарыздардың, гранттардың, нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына жүргізілген бюджеттік мониторингтің негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шешімімен бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен ағымдағы қаржы жылына арнап бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) ішінде бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында қаражатты қайта бөледі.»; 110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «110. Мемлекеттік мекемелердің кодтарын, тиісті бюджеттерінің, ақылы қызметтерінің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың ҚБШ, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды /квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жүргізуді аумақтық белгісі бойынша аумақтық қазынашылық органдары жүзеге асырады. Аудандық (облыстық маңызы бар қалаларда, Алматы аудандарында) аумақтық қазынашылық органдары болмаған жағдайда жоғарыда көрсетілген рәсімдерді жүргізу аумақтық тиістілігіне қарай тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық қазынашылық органдарында жүзеге асырылады.»; 299-тармақта: үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаулылары қабылданғаннан кейін екі апта мерзімде іске асырылуына тиісті жергілікті бюджеттерде қаражаты көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар туралы жиынтық ақпаратты ағымдағы жылға және жоспарлы кезеңге арналған жылдық сомаларды объектілер бөлігінде көрсете отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жібереді.»; жетінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті бюджет комиссиясының қарауысыз бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу арқылы республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен келiсiм бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының;»; 470-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері, сондай-ақ аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларын қаржыландырудың жеке жоспарларын облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бойынша тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне ұсынады.»; 483-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы туралы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттерді, нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді іске асыру туралы талдамалы есепті;»; 610-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «610. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына, қаржы агенттіктеріне бюджеттік кредиттер бойынша, сондай-ақ қарыз алушылар ретінде жергілікті атқарушы органдар түпкілікті қарыз алушыларға мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге беретін бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қоспағанда, бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі айналыс мерзімі бюджеттік кредиттің мерзіміне сәйкес келетін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша өткен тоқсанда бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша қалыптасқан кірістің орташа өлшенген мөлшерлемесінен төмен емес деңгейде белгіледі.»; 740-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді; көрсетілген Ережеге 24-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі __________________________ 2018 жылғы «____»___________