О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 40-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «40. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жиынтық қаржыландыру жоспарларын өзгертуге арналған өтінім, берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша, әлеуметтік төлемдер (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақылар және жәрдемақылар) бойынша, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеу бойынша, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу, бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың атқарушылық құжаттарын орындау, сондай-ақ бюджетті нақтылау және түзету кезіндегі жағдайларды қоспағанда, айына кем дегенде бір рет ұсынылады.»; 183-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «183. Мемлекеттік мекемелердің/квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өткен қаржы жылының желтоқсанында ұсынылған төлеуге берілетін құжаттар бойынша ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт бойынша ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында көрсетілген қызметтер (коммуналдық қызметтер, қоқысты шығару қызметтері, байланыс қызметтері, телерадио хабарларын тарату қызметтері) үшін төлеуіне жол беріледі. Ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт бойынша, өткен қаржы жылындағы желтоқсан үшін төлеуге берілетін құжаттар бойынша ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында көрсетілген көлік қызметтері және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу үшін мемлекеттік мекемелердің төлеуіне рұқсат етіледі.»; 224-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «224. Қағаз жеткізгіштегі және «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша түскен төлеуге берiлетiн шот былайша ресімделеді: 1) «№ төлеуге берiлетiн шот» ашық жолағында мемлекеттiк мекеменiң жетi мәндi кодынан тұратын, төлем мен ақша аудару жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы екi саны бөлшек сызығы арқылы, дефис арқылы – төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналындағы жазбаның реттiк нөмiрiне сәйкес келетiн реттiк нөмiрiнен тұратын төлеуге берiлетiн шоттың нөмiрi көрсетiледi; 2) «Күнi» ашық жолағында төлеуге берiлетiн шот үзiндiсiнiң күнi көрсетiледi; 3) «Мемлекеттiк мекеме» бөлiмiнде: «ММ-нiң коды» ашық жолағында Мемлекеттiк мекемелердiң анықтамалығына сәйкес мемлекеттiк мекеменiң жетi белгiден тұратын коды көрсетiледi; «Атауы» ашық жолағында мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетiн мемлекеттiк мекеменiң толық атауы көрсетiледi; аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мен мемлекеттiк мекеменiң жұмысын қиындатпайтын ұйымдық-құқықтық нысанының және мемлекеттiк мекеменiң атауын қысқартуға жол берiледi; «БСН» ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте/анықтамада көрсетілген мемлекеттік мекеменің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі; «АҚБ» ашық жолағында мемлекеттiк мекемеге қызмет көрсететiн аумақтық қазынашылық бөлімшесінің атауы көрсетiледi; «БСК» ашық жолағында бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның банктік сәйкестендiру коды көрсетiледi; 4) тиісті жеке сәйкестендіру коды «ЖСК» ашық жолағында мыналар бойынша көрсетiледi: операцияларды есептеу үшiн ҚБШ-да: мемлекеттiк мекеменiң қаржыландыру көзiне қарай республикалық бюджетке (облыстық бюджетке (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджетiне) не аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне) түсетiн түсiмдерді есепке алу; мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаны есепке алу және олардың есебiнен есеп айырысулар жүргiзу; мемлекеттiк мекемелер үшiн қайырымдылық көмектен түсетiн, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес алатын ақшаны есепке алу және жұмсау; мемлекеттiк мекемеге қайтарымды не белгiлi бiр жағдайлар басталған кезде тиiстi бюджетке немесе үшiншi тұлғаларға аудару шартында жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемеге беретiн ақшаны есепке алу; ерекше шығыстарды жүргiзуге арналған бюджет ақшасын есепке алу және оларды пайдалану; Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерді есепке жатқызу мен аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған шығыстарды жүргізу; 5) «Қаржыландыру көзi» ашық жолағында қаражаты есебiнен төлем мен ақшаны аудару жүзеге асырылатын қаржыландыру көзiнiң түрiн бiлдiретiн белгі көрсетiледi: 1 – үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бiрлесiп қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражатының есебiнен; 2 – үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бiрлесiп қаржыландыру қаражатының есебiнен; 3 – мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаның есебiнен; 4 – қайырымдылық көмектен түсетiн ақша есебiнен; 5 – жеке және (немесе) заңды тұлға қайтарымды шарттарда мемлекеттiк мекемеге беретiн ақшаның есебiнен; 8 – ерекше шығыстардың есебiнен; 6) «Бюджет түрi» ашық жолағында қаражатының есебiнен мемлекеттiк мекеме ұсталатын бюджет түрiн бiлдiретiн белгі көрсетiледi: 01 – республикалық бюджет; 02 – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджет; 03 – аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет; 06 – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті; 7) «Шығыстардың БСК» ашық жолағы бюджет қаражатының немесе мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаның есебiнен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезiнде ғана толтырылады; онда кезектiлiкпен үш мәндi бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң, бюджеттiк бағдарламаның, бюджеттік кіші бағдарламаның шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнің кодтарын бiлдiретiн он екi мәндi код көрсетiледi. Мемлекеттік мекеме БСК-ның заңды қолданылуын қамтамасыз етеді; 8) «Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) коды» мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақшаның есебiнен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк мекемелер өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) коды көрсетiледi; 9) «Ақшаны алушы» бөлiмiнде: «Атауы» ашық жолағында – заңды тұлға үшін мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетiн ақшаны алушының атауы және жеке тұлға үшін тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (немесе) бар болса жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес атауы дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы хабарламаға/«Электрондық үкімет» веб-порталынан немесе «Е-лицензиялау» порталынан растауға, жеке сот орындаушысы ретінде қызметін атқару құқығына уәкілетті орган берген лицензияға немесе «Электрондық үкімет» веб-порталынан немесе «Е-лицензиялау» порталынан растауға сәйкес атауы көрсетіледі; аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң, мемлекеттiк мекеменiң, ақша алушының және оған қызмет көрсететiн банктiң жұмысын қиындатпайтын ақша алушының және оған қызмет көрсететiн банктiң ұйымдық-құқықтық нысанының және ақша алушының атауын қысқартуға жол берiледi; 10) «ЖСН/БСН» ашық жолағында ақша алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі; 11) «Банк» ашық жолағында ақшаны алушыға қызмет көрсететiн банктiң атауы көрсетiледi; 12) «БСК» ашық жолағында ақшаны алушы банктiң банктiк сәйкестендiру коды көрсетiледi; 13) «ЖСК» ашық жолағында банктен ақша алушының банктiк шотының нөмiрi көрсетiледi; 14) «Түсiмдер БСК» ашық жолағында – салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша төлем есепке алынатын түсiмдердiң бюджеттiк сыныптамасының коды (бюджетке төлемдердi жүзеге асыру кезiнде ғана толтырылады) немесе шетел валютасына айырбастауға арналған төлемдерді жүргізу кезіндегі ерекшелік коды көрсетіледі; 15) «Төлем мәртебесi» ашық жолағында «ағымдағы» не «түпкiлiктi» деп көрсетiледi; 16) «Төлемнiң мақсаты» ашық жолағында: төлемнiң мақсаты, құжаттың атауы, нөмiрi мен күнi (тауарларды жеткізу туралы шот-фактуралар немесе орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң актiсi немесе осының негiзiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа құжат) көрсетіледі. Бұл ретте растайтын құжаттардың күні төлеуге берілетін шотты қалыптастыру күнінен кеш болмауға тиіс. Және қосымша: тiркелген шарттар (қосымша келiсiмдер) жөнiндегi төлеуге берiлетiн шоттар бойынша - хабарламаның нөмiрi мен күнi; сот актілерін орындау бойынша ақшаны қайтару/аудару бойынша төлемге берілетін шоттар бойынша ҚБШ ақшаны уақытша орналастыру - ақшаны алу үшін түскен сомаларды растайтын факті, сот шешімінің не сот актілерінің негізінде берілген атқарушылық парақтың, сот бұйрығының нөмірі мен күні; осы аударымдар жүзеге асырылатын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу кезiнде мемлекеттiк мекеменiң заңды тұлға болып табылатын құрылымдық бөлiмшелерiнiң атауы мен БСН-i; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде резидент еместердің шотына ұлттық валютада төлемдер жүргізген кезде - ақшаны соңғы алушы - резидент еместің атауы және деректемелері; Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) ҚБШ ақшаны уақытша орналастыру шотынан ақшаны алу үшін төлеу шотын ұсыну кезінде комиссия шешімінің көшірмесі және құжаттардың көшірмесі (шот-фактуралар немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе оның негізінде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа құжат). Электрондық мемлекеттік сатып алу» АИАЖ, ЭШФ АЖ, «Қазынашылық-клиент» АЖ интеграциялау арқылы автоматты түрде қалыптастырылған төлеуге берілетін шотты алған жағдайда, «Төлем мақсаты» жолында ЭШФ-ден төлемнің мақсаты автоматты түрде көрсетіледі, бұл ретте хабарламаның нөмірі, күні және растайтын құжаттың нөмірі, күні көрсетілмейді; 17) «Сомасы» ашық жолағында төлеуге берiлетiн шоттағы теңге және тиын сомасы санмен көрсетiледi; 18) «Жазбаша сомасы» ашық жолағында - төлеуге берiлетiн шоттың теңгедегi сомасы жазбаша бас әрiппен көрсетiледi, тиын сомасы - санмен көрсетiледi; 19) қағаз тасығыштағы төлем шотының «Мөр орны» ашық жолағында мемлекеттiк мекеменiң елтаңбалы мөрiнiң бедерi қойылады, елтаңбалы мөрдi қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi» ММ қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түстi мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескiн дәл және анық болуы тиiс. Мөр уақытша болмаған жағдайда құжаттар аумақтық қазынашылық бөлімшесіне «Мөр орны» ашық жолағында «уақытша мөрсіз» деген белгімен мөрдің бедерісіз беріледі; 20) қағаз тасығыштағы төлем шотының «Басшының тегi, аты, әкесінің аты, қолы» ашық жолағында - құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бiрiншi қол қою құқығы бар мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасының, ал мұндай болмаған жағдайда – қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының қойылған жеке қолы және қолының таратып жазылуы (атының және (немесе) әкесінің атының басқы әрiптерi) көрсетiледi; 21) қағаз тасығыштағы төлем шотының «Бас бухгалтердiң тегi, аты, әкесінің аты, қолы» ашық жолағында – құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екiншi қол қою құқығы бар мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасының, ал ондайлар болмаған жағдайда – қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының жеке қолы және қолының таратып жазылуы (атының бас әрпі және тегі) көрсетiледi.»; 235-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «235. Мемлекеттiк мекемелердiң/квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлерiне жалақы мен басқа да ақшалай төлемдердi, жеке тұлғаларға стипендияларды және басқа да төлемдердi ағымдағы шоттарға немесе мiндеттi зейнетақы жарналарын, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды, міндетті медициналық сақтандыру үшін жарналар және (немесе) төлемдер ақша алушылардың жинақ шоттарына аудару жөнiндегi төлемдер жүргiзгеннен кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесінiң жауапты орындаушысы осы Ережеге 95-қосымшаға сәйкес 5-15А «Ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi көшірме» нысаны бойынша ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi көшiрмені (бұдан әрi – үзiндi көшiрме) қалыптастырады. Үзiндi көшiрме операциялық күн жабылғаннан кейiн қалыптастырылады. Үзінді көшірменің әрбір беті құжатты өңдеу күнін көрсете отырып, жауапты орындаушының қолымен, мөртабанының бедерімен расталады және осы Ереженің 221-тармағында көзделген құжаттармен бірге мемлекеттік мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне беріледі. «Қазынашылық-клиент» АЖ-да жұмыс істеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшелерімен келісім жасасқан мемлекеттік мекемелер/квазимемлекеттік сектор субъектілер 5-15А нысаны бойынша ақша алушылардың тиісті шотына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірмелерді дербес қалыптастырады. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің жазбаша келісімімен 5-15А «Ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi көшірме» нысаны бойынша есепті дербес қалыптастырады.»; 378-19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «378-19. Қазынашылық қолдауға жататын объектілердің құрылысымен байланысты жасасқан шарт (қосымша келісімдер) аумақтық қазынашылық органында қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерге ашылған шоттың деректемелерін көрсете отырып қағаз тасығышта және «Қазынашылық-клиент» АЖ «Электрондық мемлекеттік сатып алу» АИАЖ интеграциясыз қалыптастырылған Өтінімге қоса беріледі. «Электрондық мемлекеттік сатып алу» АИАЖ-де жасалған азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінім аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде ашылған қазынашылық сүйемелдеу кезінде бас мердігер шотының деректемелерін көрсете отырып, «Қазынашылық-Клиент» АЖ арқылы «Электрондық мемлекеттік сатып алу» АИАЖ-ден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (қосымша келісімнің) деректерін беру жолымен аумақтық қазынашылық бөлімшесіне беріледі.»; көрсетілген Ережеге 89-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (Ерназарова З.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Төлеуге берiлетiн шот № _______ Күнi __ жылғы «___» ____________
Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы № бұйрығына қосымша Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне 89-қосымша Төлеуге берiлетiн шот № _______ Күнi __ жылғы «___» ____________ Мемлекеттiк мекеме Ақша алушы ММ коды КОды |КБе| Атауы Атауы БСН ЖСН/БСН АҚБ Банк БСК ЖСК Қаржыландыру көзі БСК Бюджет түрі ЖСК Шығыстардың БСК Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) коды Түсімдер БСК |ТМК| Төлемнің мәртебесі Төлемнің мақсаты Сомасы Жазбаша соммасы: Басшының тегі, аты, әкесінің аты болған кезде _____________________________________ Бас бухгалтердің тегі, аты, әкесінің аты болған кезде ________________________________ Үлгi (1-жай, 2-қосымшамен зейнетақы (міндетті және кәсіптік) жарналары, 3-жалақы мен дивидендтердi аудару, 4-әлеуметтік аударымдар, 5 - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар); №_ электрондық шот-фактура (ЭШФ) негізінде № хабарламамен (ЖА) келiсу.