О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде: 632- тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «632. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органының кредиторымен немесе тиісті жергілікті атқарушы органның кредиторымен кредиттік шарт жасасатын қарыз алушы банктің кредиттік қабілетінің негізгі өлшемдері: бұрын республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің ақшасы есебінен алынған кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы; салықтық берешектің болмауы; конкурсты өткізу күнінің алдындағы соңғы үш айдың ішінде банк заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтерді сақтауы; меншікті капиталы берілетін бюджеттік кредит пен бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі борыш қалдығы сомасынан кемінде елу пайызды құрауы тиіс болатын тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің қызметтерін жүзеге асыратын қаржы агенттіктерін, негізгі қызметі ұлттық басқарушы институттардың және ұлттық компаниялардың меншік құқығында тиесілі және сенімгерлік басқаруға берген акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын ұлттық басқарушы холдингін қоспағанда, меншікті капиталы берілетін бюджеттік кредит пен бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі борыш қалдығы сомасынан кемінде екі есеге артық болуға тиіс; бюджеттік кредиттерді уақтылы қайтару бойынша қамтамасыз етудің болуы; қажет болған кезде филиалдық желінің және/немесе корреспонденттік желінің болуы болып табылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (Ерназарова З.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі