О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания» Күшін жойған
Басқа 0
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету
ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
171-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«171. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 431 «Жаңа объектілер салу және қолданыстағы объектілерді реконструкциялау» ерекшелiгi бойынша:
1) мердiгерлiк ұйым төлеу сомасына жабдықты жеткiзу бойынша шарттық мiндеттемелердi уақтылы орындауға екiншi деңгейдегi банктiң кепiлдiгiн берген жағдайда инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде дайындаудың технологиялық мерзiмi бiр жылдан асатын күрделi энергетикалық жабдықтар құнының;
2) әскери мақсаттағы жаңа объектілерді салуға және қолданыстағы бар объектілерді реконструкциялауға жұмсалатын шығындарға ақы төлеу үшін;
3) мердiгерлiк ұйым төлеу сомасына жабдықты жеткiзу бойынша шарттық мiндеттемелердi уақтылы орындауға екiншi деңгейдегi банктiң кепiлдiгiн немесе азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартын ұсынған жағдайда инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде дайындаудың технологиялық мерзімі бір жылдан асатын медициналық жабдықтар мен медициналық техниканың құнының 50 пайыздан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлем жасауға рұқсат етiледi.
Әскери мақсаттағы заттар мен материалдарды сатып алуға жұмсалатын шығындарды төлеуге бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 149 «Өзге қорларды сатып алу» маманданымы бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
Әскери мақсаттағы көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындарды төлеу үшін бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 413 «Көлік құралдарын сатып алу» маманданымы бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
Әскери мақсаттағы жабдықтарды сатып алуға жұмсалатын шығындарды төлеуге бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 414 «Машиналар, жабдықтар, құралдар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандарын сатып алу» маманданымы бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.»;
84-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (Ерназарова З.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2020 жылғы 8 маусымы
№ 576 бұйрығына
қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
84-қосымша
№ 4-09 нысаны
Есеп айырысу жүргізілді:
Күні – Уақыты
1-ден № дейiнгi парақ
Кезеңі:________________________________
Өлшем бірлігі: _________________________
Қоры:_________________________________
Орналасқан жері:________________________
Мемлекеттік мекеме:_____________________
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі / Кіші
бағдарлама:____________________________
Ерекшелiк:_____________________________
Күні
өтінім №
Шарттың /қосымша келісімнің нөмірі мен күні
Ақша алушының ЖСН (БСН)
Ақша алушының атауы
Хабарлама №
Тағайындау
Міндеттеме сомасы
Төлеуге берілетін шоттың №
Төлем күні
Орындалған міндеттемелер бойынша төлем
Міндеттеменің қалдығы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Жиыны:
Жауапты орындаушы _________________
(қолы)
Мөрдің орны
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН – жеке сәйкестендiру нөмiрі;
БСН – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi