О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания» Күшін жойған
Басқа 0
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету
ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
170 - тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«170. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының мынадай:
ауруларды шетелде емдеуді көздейтін шығыстарды төлеу үшін 70 пайыздан;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың ауылда қызмет көрсетуін көздейтін шығыстарды төлеу үшін 50 пайыздан;
Мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде «KazSat-2R» ғарыштық байланыс жүйесін құру және пайдалануға беру жөніндегі шығыстарды және ұшқышсыз ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған жаңа буынның орта сыныпты ғарыштық мақсаттағы зымыран базасында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру жөніндегі шығыстарды төлеу үшін 50 пайыз;
осы тармақта көзделген шығыстардың тізбесіне енбейтін шығыстарды төлеу үшін 30 пайыздан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі