О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде: 616-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «616. Жеке тұлғаларды бюджеттік кредиттеу кезінде кредиттік шарт кредитордың тапсырмасы бойынша сенім білдірілген өкілмен (агентпен) жеке тұлға арасында жасалады. Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырманы орындағаны үшін сыйақы төлеуді, егер тапсырма шартында өзгеше көзделмесе, тиісті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі мыналар: төлем жүргізілетін айдың 1-күніне бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен сенім білдірілген өкілдің (агенттің) арасындағы салыстырып тексеру актісі; орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілерінің көшірмелері мен ұсынылған шот-фактуралар негізінде жүзеге асырады. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақы төлеу мөлшері тапсырма шартында белгіленеді.».
Тармақ 2
2. Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі