О внесении дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания» Күшін жойған
Басқа 0
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету
ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына
толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі:
мынадай мазмұндағы 61-2-тармақпен толықтырылсын:
«61-2. Бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаражатты жоспарланған түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері сақталған жағдайда бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық шығындар көлемін өзгертусіз бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен:
республикалық бюджет комиссиясында міндетті түрде қарала отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферт қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір бюджеттік бағдарлама шегінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламалар арасында
республикалық бюджет комиссиясында міндетті түрде қарала отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферт қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір бюджеттік даму бағдарламасы немесе бюджеттік бағдарламаны дамытудың бір бюджеттік кіші бағдарламасы шегіндегі бюджеттік инвестициялық жобалар арасында;
республикалық бюджет комиссиясында міндетті түрде қарала отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферт қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік даму кіші бағдарламалары арасында жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі