О внесении дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания» Күшін жойған
Басқа 0
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету
ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына
толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі:
мынадай мазмұндағы 171-4-тармақпен толықтырылсын:
«171-4. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 431 «Жаңа объектілер салу және қолданыстағы объектілерді реконструкциялау» ерекшелiгi бойынша биологиялық қауіпсіздік саласындағы объектілерді салу үшін мердiгер ұйым жабдықты төлеу сомасына жеткiзу жөніндегі шарттық мiндеттемелердi уақтылы орындауға екiншi деңгейдегi банктiң кепiлдiгiн берген жағдайда, дайындаудың технологиялық мерзімі алты ай және одан да көп болатын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде технологиялық жабдық құнының 100 пайызы мөлшерінде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі