О внесении изменения и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 4 ноября 2014 года № 74 «Об утверждении Правил проведения спортивных мероприятий» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9930 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларында:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық және өңірлік күнтізбесі негізінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесін жасайды.
Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесі негізінде олар осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес ағымдағы жылға арналған спорттық іс-шаралардың қаржылық күнтізбесін әзірлейді.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2)тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттық ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. _______ жылға арналған Спорттық іс-шаралардың қаржылық күнтізбесі
Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 139
бұйрыққа қосымша
Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларына қосымша
Нысан
_______ жылға арналған Спорттық іс-шаралардың қаржылық күнтізбесі
№
Спорттық іс шаралардың атауы
Өткізу мерзімдері
Өткізу орны
Қаржыландыру көзі
Күндер саны
Спортшылардың саны
Жаттықтырушылар және басқа қатысушылардың саны
Ел ішіндегі іссапарлар шығыстары
Тұру шығыстары
Спортшылардың тамақтану шығыстары
1 адамға шаққандағы сома, теңге
Сома, теңге
1 тәулікке шаққандағы сома, теңге
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
кестенің жалғасы
Ел ішіндегі іссапарлар шығыстары
Ел ішіндегі барлық шығыстар, теңге
Елден тыс іссапарлар шығыстары
Спортшылардың тамақтану шығыстары
Тәуліктік
Жол жүру бойынша шығыстар
Басқа шығыстар*
Тұру шығыстары
Спортшылардың тамақтану шығыстары
Сома, теңге
1 тәулікке шаққандағы сома, теңге
Сома, теңге
Екі бағытта
Сома, теңге
Сома, теңге
1 адамға шаққандағы сома, теңге
Сома, теңге
1 тәулікке шаққандағы сома, теңге
Сома, теңге
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
кестенің жалғасы
Елден тыс іссапарлар шығыстары
Елден тыс барлық шығыстар, теңге
Барлығы, теңге
Тәуліктік
Сақтандыру шығыстары
Жол жүру бойынша шығыстар
Визаны рәсімдеу және визалық қолдау
Багажды тасымалдау
Басқа шығыстар*
1 тәулікке шаққандағы сома, теңге
Сома, теңге
Күніне1 адамға шаққандағы сома, теңге
Сома, теңге
Екі бағытта
Сома , теңге
Сома , теңге
Сома , теңге
Сома , теңге
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
кестенің жалғасы
Ескертпе:
*Өзге шығыстарға «Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 100 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20488 болып тіркелген) көзделген шығыстар жатады.