О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 4 марта 2015 года № 35-280 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи в Зерендинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 4 марта 2015 года № 35-280 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи в Зерендинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Зеренді аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 4 наурыздағы № 35-280 «Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін анықтау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 47-377
- Қабылданған күні
- 22.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2017 98973_158425.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BN005244
- ЭКБ идентификаторы
- 98973
- Редакция идентификаторы
- 98973_158425
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:59
0 Зеренді аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 4 наурыздағы
№ 35-280 «Зеренді ауданында
тұрғын үй көмегін көрсету
тәртібі мен мөлшерін
анықтау туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Зеренді аудандық мәслихаттың «Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін анықтау туралы» 2015 жылғы 4 наурыздағы № 35-280 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4728 тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде «Зерделі–Зеренді», «Зерен» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:»;
көрсетілген шешіміне қосымшада:
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Зеренді ауданының әкімі
________________ А. Мұратұлы
2016 жылғы «___» ________